Аудармалары. С.Мұқанов аударма саласында да еңбектенді. Навтедждің «Балалар»(1953), В.Осееваның «Васек Трубачев және оның жолдастары»(3-кітабы, 1955), шығармаларын қазақ тіліне аударды. С.Мұқановтың үнді жазушысы Навтежден аударған «Балалар» әңгімесі жетім балалар, қорғансыз, панасыз балалар тақырыбындағы шығармалар қатарын толықтырады. «Қызметші кішкентай кескінді қара қыз, мүнда кел сен! Сүт ішпеген туған үйіңді таба алмаған Престо, мұнда кел!.. Менің мектептес досым Башира, мұнда кел!.. Сенің жүрегіңнің жасырын түкпірінде жарқын қиял бар, барына мен сенем. Соқыр шешеңнің жарық сәулесі - Каму, сен де кел мұнда!.. Газет сатқанмен, аштықтың құшағынан шықпаған кішкене қыз, сен де кел!.. Өмірің искусстводан, дене өнерінен, биден айырып, бәтіңке жұлығына үңілдірген Раму сен де кел!..». Аталған балалардың әрқайсысының өміріне автор жеке-жеке үңіледі. Олардың тірлігі бір-бірінікіне ұқсамайды. Бірақ тағдырлары бірдей. Өмір ауыртпалығы олардың еңсесін басуда. Әр баланың тағдыры аяушылық туғызады. Автор тарапынан аяу сезімінен гөрі, олардың болашағына деген сенім мол сезіледі. Сондықтан да өз жанына қол бұлғап шақырады. «Өмірімізді ойдағыдай құру өз қолымызда» деген ой айтады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
С.Мұқановтың балаларға арналған шығармаларындағы түйінді ойдың неде екендігін дәйектеңіздер. Шығармаларының тәрбиелік мәні туралы пікір айтыңыздар.
Оқуға ұсынылатын кітаптар
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: Мектеп, 1980.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2- кітап. - Павлодар: Арман, 2004.
С.Мұқанов. Өмір мектебі. 1, 2, 3 кітап. - Алматы: Жазушы, 1970.
С.Мұқанов. Алтын аймақ. – Алматы: Жазушы, 1988.
С.Мұқанов туралы естеліктер. - Астана: Елорда, 2001.
Осеева В. Васек Трубачев және оның жолдастары. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1954 -1-кітап, 1955 - 2-кітап, 1955 -3-кітап.
Достарыңызбен бөлісу: |