Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет10/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
философиялық ойының негізгі бағыттары мен сипатты қырларын 
анықтауында болып тұр. Практикалық тұрғыдан алғанда, негізінен, 
нақтыланған, дамытылған идеялардың маңыздылығы қазіргі 
Қазақстан Республикасында қалыптаса бастаған жаңа философия 
тарихын дамытудың негізгі іргелі қағидаттарын ғылыми қалыпта 
бекітуде екені айқын болып отыр. 
Әдебиеттер
1 «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты. Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, 2012. – 109 б.


 
11
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
I тарау. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ 
БІРЕГЕЙЛЕНУДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақ хандығы дәуіріндегі әлеуметтік-мәдени ахуал және 
ұлттық философиялық пайымдау типі
Философияның бүкіл әлеуметпен өзара қарым-қатынасындағы 
айырықша арналарды іздестіру философиялық пайымдау типтері 
жөнінде болатын әңгіменің негізгі арқауы болады. Философиялық 
пайымдау типі белгілі бір әлеуметтің жалпы мәдениеттанымдық 
стандарттары ықпал еткен мұраттар, нормалар және ережелер 
негізінде, бірегей, нақты-тарихи философиялық ойлау тәсілдері 
арқылы айқын аңғарылатын, дәуірдің әлеуметтік-мәдени ахуалын-
дағы философияның жанды үдерісін көрсетеді. 
Философиялық білімнің дамуын, мысалы, антикалық, ортаға-
сырлық, Қайта өрлеу және т. б. тәрізді белгілі бір кезеңдерге бөлуге 
болады, ал олар өзіндік таптаурынды философиялық пайымдау-
лары, сол сияқты қандай да бір мәселелер жиыны және осы мәселе-
лерді шешудің сәйкес әдістері арқылы сипатталады. 
Философиялық пайымдау типі кем дегенде екі мәдениеттің тоғы-
суын білдіреді, бірінші субъектіге тән өзгешелік, екінші субъектінің 
әлеуметтік-мәдени реттеуіштері арқылы танылатын жасырын сұқбат 
болып табылады. Бірінші субъект рационалдылық тұрпаттарының 
бірегей «қорытпасын», айырықша өзіндік философиялық пайымдау 
типіне жинақтауды жүзеге асырса, екінші субъект осы философия-
лық пайымдау типінің әлеуметтік-мәдени айырықшалығын түсін-
діруді көздейді. Біздің ойымызша, философиялық пайымдау тәсілде-
рінің қалыптасу жолдарын айқындап (рационалдылықтың әртүрлі 
типтері мен тұрпаттары болуы жөніндегі ұсыныстар негізінде), олар-
дың типологиясын жасау үшін – философияны мәдениет және адами 
әрекет арқылы сипатталатын әлеуметтік-мәдени тұрғыда қарастыру 
мейлінше нәтижелі болады. 
Қазақтардың ұлттық философиялық пайымдау типінің ерекше-
ліктері мен өзіндік айырықшылықтарына және оның мәдениет 
жүйесіндегі қызметіне терең жасалған талдау, сипаты, типі, маңыз-


12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет