Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет7/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   297
 К І Р І С П Е
тастыруда, қазақ философиясы мен мәдениетінің тарихы бойынша 
арнайы курстарды дайындауда, сонымен қатар этникалық болмыс-
тың рухани қалыптасуы мәселесін ашуда пайдалануға болады. 
Жоспарланған мәселені зерттеу барысында авторлық ұжым алдымен 
нақты тарихи үдерістегі философиялық ойды жүйелі тұтастанған 
тұрғыда қарастыруға арқа сүйеді. Ол тарихи-философиялық мәселені 
гуманитарлық білімнің әртүрлі салаларымен өзара байланыста 
қарастыруға мүмкіндік береді. 
Шынтуайтына келгенде түркі бабаларымыздың даналыққа толы 
құштарлығы мен тұжырымдары тек қана қазақ халқы үшін ғана емес, 
жалпы түркі тілдес халықтарға, бүкіл түркі әлеміне, одан кеңірек 
алсақ барлық адамзат баласына рухани бағдар болып табылады. 
Сонау Орхон-Енисей жазбалары мен Абайдың кісілік философиясы, 
Шәкәрімнің ар-ұят, ұждан философиясы аралығында игерілмеген, 
өзінің толық философиялық тұжырымдамасын жеткілікті деңгейде 
ала қоймаған дүниелер әлі де жеткілікті. Мәселен, халықтың діни 
сенімдері мен ұлттық ділі арасындағы өзара астарласу мәселесі өзі-
нің тыңғылықты философиялық зерделеуін алуға тиісті мәселелер-
дің қатарына жатады. Қазақтың әлемді қабылдауы батыстық үлгілер-
ден айырықша ұстындарға негізделген. Бұл да өзінше философиялық 
зерделеудің түрі. Ол даналықты, саз бен сөзді жоғары қоюшы жүйе 
десе де болғандай. Ал қазақ халқының даналық тағылымдары аталған 
тарихи үлгіні, мәдени парадигманы сабақтастықпен жалғастырып 
келе жатқан бірегей мәдениет болып табылады.
Қазақ халқының жоғарғы кісілік және тұлғалық философиялық 
мәдениетіне мән беріп, назар аударған ғалымдардың көбісі халықтың 
дәстүрлі дүниетанымында «көркем образдар» әлемі үстемдік ететінін 
байқайды. Шыныменде, қазақтар әлемді ұғымдық мағынада шегелеп 
көрсетуден гөрі, көркем бейнелермен астарлап өрнектегенді қалап 
келген халықтардың қатарына жатады. Оның бұл ерекшелігі оның 
кемшілігі болып есептелмейді, керісінше, ақынжанды халықтың 
арманшылдығын, ақкөңілділігін және даналығын білдіреді. Деген-
мен сан ғасырлар бойы ділге әсер еткен ауыр психологиялық соққы-
лар мен саяси қыспақтар бұл ерекшелікті біршама көмескілеп, 
тұмшалап тастағаны байқалады.
Ал қазіргі кезеңде жаһандану үдерістері алып келген сұрық-
сыздық, тұтынушылық психологиясы мен дарашылдық, өзімшілдік 
философиясы қазіргі замандасымыздың санасына енбей қоймайды. 
Міне, сондықтан бұрынғы кісілікті, ізгілікті, қайырымдылықты, 
құтты, төзімділікті бәрінен жоғары қоятын халықтың санасы өзгеріс-
терге, яғни трансформацияға ұшырауда. Сөйтіп, жаңа тұрпайы 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет