К І Р І С П Е
кездеседі. Бұл жаңылыс пікір болып табылады. Себебі, руханилық
қолайлылықтан туындамайды. Керісінше, ол қиындықты адамдар
жұмыла отырып бірге жеңе білуге үйрену, ешкімді шыққан тегі
мен түр-түсіне, өмір сүру салтына қарап шеттетпеуден басталады.
Ал, биік деңгейдегі руханилық пен мәдениет орныға бастаған
қоғамда құндылықтар әлемі өзінің нағыз шынайы бейнесінде, өз
формасында болмысын көрсетеді және адам үшін қызмет етеді, жеке
тұлғаны бұл өмірде бақыттылыққа жеткізеді. Қазақ ойшылдарының
шығармашылығында еркін ойлауға негізделген осындай бағыттағы
озық даналық үлгілері көптеп кездеседі. Қазақтың, Абайдың кісілік
философиясының мәні мен маңызы да осында.
Тарихи үдерістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, рухани
сабақтастыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа негіз болатын рухани
құндылықтар еркіндік пен шығармашылықтың, қайырымдылық пен
ізгіліктің арқасында қалыптасады және дамиды. Адамның әлемге
қатынасын айқындаушы факторлар Ақиқаттың заңдылығымен,
оның үйлесімділікке толы ұстанымдарымен астасып жатады. Ал енді
бір кезеңдерде өткен көшпелі мәдениетке сай құндылықтар жүйесі
өзінің ділінде адамның табиғатпен үйлесімділігін дәріптеумен
ерекшеленеді. Дәстүрлі қоғамның рухани құндылықтары көбінесе
адамды тұрақтылыққа, әсемдікке жетелейді, оның бойындағы бояу-
лар нәзік лирикамен көмкерілген, техногендік прагматизмнен,
утилитаризмнен алыстау болып келеді. Сондықтан қазіргі заман-
ның өркениетті бағдарлары, ақпараттық технология мен нанотехно-
логияға бетбұрған постиндустриалдық дамуы дәстүрлі қоғамның
рухани байлығын тұтастай жоққа шығармауы тиіс, оны тиісті жерін-
де бейімдеп, рухани қажетіне жаратып пайдалана білгені жөн.
Енді қазақ хандығы дәуіріндегі әлеуметтік-мәдени ахуал мен
ұлттық философиялық пайымдау типіне тоқталу үшін ә
діснамалық
жағынан алғандағы негізін келесі тәсілдер қалыптастырады: жүйелі
талдау тәсілі, аксиологиялық тәсіл, тарихи реконструкциялау (қайта
жаңарту) тәсілі және т. б. Әдіснамалық құралдар ретінде тарихи-
лық пен логикалықтың өзара байланыс әдісі, салыстыру тәсілі,
жалпылау және типтендіру, тарихи-философиялық және мәдени-
философиялық талдаудың ұстанымдары мен тәсілдері философия-
лық герменевтика мен философиялық компаративистика әдістері
қолданылады. Зерттеу пәнінің ерекшелігі кешенді зертеуді талап
етеді және ол зерттеудің әртүрлі тарихи-философиялық тәсілдерін
жасампаздықпен қолдануды қажет етеді.
Ғылыми мағынадағы жұмыстың теориялық маңыздылығы
тұтастанған тұрғыда ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі қазақ
|