Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет116/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
бағалауды ғылымда тарихнама деп атау қабылданған және ол өзінің 
жазбаша сипатымен айқындалады. Әлемді түсінудің батыстық 
парадигмасында жазбаша тарихнама антикалық замандағы тарихтың 
атасы саналатын Геродот пен Фукидидтен бастау алады. Ал ауызша 
тарихи шежірелер мен аңыздар күні бүгінге дейін ғылыми немесе 
азаматтық тарих ретінде мойындалмай келеді. 
Дегенмен тарихтың тарихнамадан (жазба тарихтан) бұрын 
басталатыны баршамызға мәлім. Жер бетінде қай ұлтты немесе қай 
халықты алып қарамасақ та, олардың кез-келгені – тарихи дамудың
туындысы. Зерттеліп жазылған тарихи кітабы жоқ болуы мүмкін, бірақ 
тарихсыз халықтың болуы мүмкін емес. «Тарихнама ең алға-шында 
ауызша тарихи-шежіре, аңыз түрінде басталып, жазба тарих кейін 
келе, жарыққа шығып, кемелденіп отырған. Жер жүзіндегі ең ежелгі 
марқа мәдениеті, бағзы заманнан үзілмей келе жатқан жазба тарихы 
бар жұғоның (қытайдың) да шияшаң дәуірінен бұрынғы хуаңди, янди 
жөніндегі деректері тарихи аңыз-ертегілерден баста-лады. Ежелгі 
Египет, Индия, Иран, Грек тарихтары да осындай» [2, 39 б.]. 
Көшпелі мал шаруашылығының үстемдігі ықпалымен қазақы 
дәстүрде жазба мәдениеттен гөрі ауызекі мәдениеттің басым болғаны 
рас. Сондықтан қазақ тарихнамасы, көршілес отырықшы елдермен 
салыстырғанда, ауызша дәстүрде, аңыз-шежірелерде жүзеге 
асырылды. «қазақтың шежірешілдігін, дәлірек айтсақ, қазақтың 
тарихшылдығын ұлттық қасиет деуге болады. Бұл, әрине, ерекше 
артық жаратылғандықтан немесе артта қалған жабайылықтан емес. 
Қазақ халқының шежірешілдігін, тарихи санасының сергектігін, ең 
алдымен, оның ұзақ ғасырлар аясында көшпелі өмір салтта болуымен 
сабақтастырған жөн. Ал салт атты көшпелілер өркениетінің Еуразия 
ойкуменінде үш мың жылдық тарихы бар» [3, 31 б.]. Қазақ мәдениетін 
зерттеумен терең айналысқан белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбек 
қазақтың шежірешілдігін көшпелі өмір салтымен қатар жеті 
аталық үрдіс пен қандас-туыстық қатынастармен байланыстырады. 
«Адамның күні адаммен» деген принципке негізделген бұл жүйе 
тек моральдық-этикалық өлшем ғана емес, этнобиологиялық 
және этномәдени тұтастықты қамтамасыз ететін тетік, әлеуметтік 
және экзистенциалдық өмір сүруді реттеудің нормасы қызметін 
де атқарған. Үш жұрт бойынша (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы 
жұрты) сараланатын туыстық байланыс шежіренің тарихи 
айқындамасын анықтап отырған. Ал осы туыстық қарым-қатынас 
нормасын бұзғандар «ата салтты аттаған», «жетесіз» (жеті атасын 
білмеген – жетесіз), «мәңгүрт» аталып, өлімнен артық жаза болып 
саналатын өз ортасынан аластатылатын болған. 


 
119


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет