ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Көп дін деп шартты түрде айтылып тұрған наным-сенімдер
болса олардың барлығының шешуі – дін, иман деп түсінемін.
Адасқанды кешудің шарты – соқыр сенім жетегінде кетпей,
Ақиқатты, түп иені ақыл көзімен тануға ұмтылу. «Адасқанның алды
жөн, арты соқпақ» дегендей адасушы-іздеуші. Сол ізденушілерді
жолға салар әр заманда, әр халыққа жол көрсетуші Нәби Пайғамбар
келді. Жеке адамның бақыты осы кешудің шартын – Дін иманын
табуы мен байланысты болса, Халықтың тағдыр-талайындағы бағы
да оның иманға ұйып – Хақты бар және бір деп таныған шақтарында
болған. Ел тарихындағы өркендеу, гүлдену шақтары, ғылым, білімге
ие болуы Дін-Иманның бекуімен байланысты.
Ал наным-сенім соқпақтары – ізденістің ұшықтары ғана.
Сондықтан да киелі кітаптарда халықтың өркендеу шағын Бір Алланы
танумен, құлдырап тіптен апатқа ұрынуын көп құдайға табынумен,
Құдайға ортақ қосып, тіптен жоққа шығарумен байланыстырады.
Қазақ хандығы дәуірінен бізге жеткен жазба жәдігерліктердің
бірі XVІІ ғасырдағы түрік жазба ескерткіші Әбілғазы Баһадүр ханның
«Шежіре-и-түрк» (Түрік шежіресі) атты еңбегі.
Әбілғазы 1603 жылы Хиуа хандығының орталығы Үргеніш
қаласында Жошы ұрпағынан тараған Араб Мұхаммед хан отбасында
дүниеге келген. Әбілғазы өзінің айтуынша үш нәрсені жетік білген:
бірінші – әскери өнер; екіншісі – ақындық өнер және көп тіл білу;
үшіншісі – тарихи оқиғалар мен ертеде болған хандардың аттарын,
мемлекет, жер, су аттарын жатқа білді. 1628–1638 жылдары
Исфахан қаласында айдауда болады. Бұл жылдары парсы тілдерін
еркін меңгеріп, Шығыс ғұламаларының тарихи, дәрігерлік, әдеби
кітаптарын оқиды, 1645–1663 жж. Хиуа хандығын билейді. Кейіннен
хандық билігін баласына беріп, өзі бейбіт істермен, шежіре
жазумен айналысты. Шежіреде адамзат тарихының бір дәуірін
Адам Ғалайссаламның жаралуынан Нұх пайғамбарға дейінгі
пайғамбарлардың өмір тарихымен байланыстыра баяндалатын
киелі кітаптарға сүйене отырып, қысқаша әңгімелейді.
Сан ғасырдан бері қалыптасқан, үзілмей келе жатқан шежіредегі
ғылыми дәстүрдің мына ерекшелігін байқаймыз.
«Келдім қайдан» деген сұраққа жауапты Қасиетті кітаптардағы
хикаяларға сүйену арқылы іздеу. Адамның өзін тануға ұмтылысы
туған әулетімен, халқымен өзінің тұтастығын түйсінумен ұштасып,
сол арқылы халқының тарихын білуге деген іңкәрлыққа ұласатынын
көреміз. Шежіреші осы арқылы тек түріктің немесе қазақтың
ғана емес жалпы адамзаттың арғы атасы бір қандас туыс екенін
пайымдайды. Жалпы қазақ халқының шежіре дәстүрі кеңінен
132
Достарыңызбен бөлісу: |