Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет136/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
оқшау ой қуып менмен-дікпен ақиқаттан адасуынан сақтайды. Ақи-
қатқа өз жүрек түбіне үңіліп, жанын-ділін тазалау арқылы жететін 
сара жолын белгілейді. Ақыл – алғыр құс болса, Иман – Құсбегі, оны 
баптап әр қиырға қанаттандырушы. 
Мұсылман діні орта ғасырларда және одан кейінгі дәуірде өзінің 
игі ықпалымен ерекше гүлденіп дамыды. Ислам дінінің Қазақстан 
және Орта Азия аймағында рухани және ғылыми өркениеттің кепілі 
болғандығы, ислам ренесансы деген атпен белгілі қарқынды, тың 
серпіліске мұрындық болғандығы тарихтан белгілі. Дін, теологияны 
арнайы зерттемесе де, көрнекті шығыс тарихының зерттеушісі 
Бартольд мұсылман дінінің және түрік халықтарының мұсылман-
дығы жайлы мынадай пікір айтады: (В прочном распространении 
ислама среди турок проявилась та сила, которая, по видимому 
обладает ислам даже по сравнению с другими мировыми религиями.
…Что ислам теперь является единственной настоящем смысле, 
слова мировой религией т.е. религией, распространеие которой 
не ограничивается народами одного происхождение или одного 
культурного мира. Временно успехи других религий иногда были 
более замечательны, чем успехи ислама, но не приводили к прочным 
результатам) – дей келе манихейлік діннің мүлде жоғалғанын, 
христиан діні алғашқыда кең таралып, кейін европамен шектеліп 
қалғанын. Буддизмның Шығыс Азия мәдени дүниесімен шектелгенін 
айтады. (История знала много буддиских и христианских народов, 
принявших ислам, и не знала ни одного мусульманского народа, 
который бы принял буддизм или хистианство).
Ислам дінінің рухани мәнін түсінген адамдар иман мен соқыр 
сенімнің ара жігін ажырата білген, адамның ішкі иманының күшеюіне, 
оның соқыр сенімге айналмауына ықлас еткен. Ата-бабаның, ел 
қорғаған ерлердің қабіріне зиярат ету сияқты салт-дәстүрлерінде 
иманның негізгі шарттарына қайшы келмеген. Салт-дәстүрдің озығы 
бар, тозығы бар дегендей, көптеген салт-жоралғылық әрекеттер, 
иманды сақтауға игілікке бастаудың орнына, соқыр сенімге мұрындық 
болуынан сақтанған. Олардың өз заманының, қоғамының әдет-
ғұрпымен ымыраласуына қарап, шариғат шарттарымен қайшылық 
іздеуге қақымыз жоқ. Ал ислам дінінің сыртқы ғибадатын орындай 
тұрып осыған тоқмейілсіп, адамгершіліктен тайғандар да болған. 
Ғибадат тек ішкі иманның күзетшісі екенін ұмытып қазынасы жоқ 
кенішті күзетудің сырт сипаты болмаса ішкі мәні мағынасы жоғын 
білмеушілер. Онымен қоймай сыртқы түрін түзеп алып, өзгені 
имансыз деп жазғырып діннен бездіруші дүмше молда, ел бұзарлар 
әр заманда болған.


 
139


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет