Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет135/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
– ежелгі түркі сөзі – өлшем аты, бір батман, немесе батпан 180 кг. 
– 300 кг аралығын қамтиды. – Ә.Д.). бидай мен екі батман ет және 
соған лайық мөлшердегі тұз және қажетті отын жұмсалып, рухын 
ұлы алла жарық еткір әулиелердің айбынды сұлтаны – Әзірет сұлтан 
ғимаратындағы қасиетті қалам шарифті жаттап алған құран оқушы 
қарылар, зікір салушылар, яғни ұлы жаратушының есімін паш 
етушілер, сондай-ақ жергілікті пақырлар, кембағалдар, жетімдер 
мен мүсәпірлер үшін (Халим аба) атты түскі ас әзірленсін. …Нан 
пісіру үшін ұнға айналдырған жүз батмандай шығын етілсін… Ас пен 
нан пісіру үшін жүзге жуық есекке жүк боларлық ағаш пен шөптен 
тұратын бір жылға жететін отын шығындалсын. Бұл ғимарат осы жер 
арқылы өтетін жолаушылар тоқтап, тыныстайтын, яғни айналып 
өтуге болмайтын көпір іспетті аялдама қызметін атқаруы ләзім). 
Осы үзіндіден байқарымыз бір мезгіл асқа арналған тамақ көлемінің 
молдығынан-ақ зікір айтып, Яссауи дәстүрін, тариқат жолын 
ұстаушылардың көптігін байқаймыз. Тоғыз жолдың торабында 
орналасқан осындай такиялар сол кездегі идеологияны, ғылым, 
білімді, кітаптарды таратушы байланыс қызметін атқаратын сауда 
керуендерінің тоқтап тынығуымен қатар, білімге сусындар орталығы 
болғанын көреміз. Осы қолхатта Қ.А. Яссауи мавзолейінен басқа да 
Әзірет Сағди Уаққас пен қажы Мәлік (Яссауи шәкірттері болар) деген 
кісілер атындағы қорларды (вакуф) да бекіткенін көреміз. Осындай 
өздерінің жеке қорлары бар, ел билеушілерінің ресми қолдауына 
сүйенген, өкімет идеологиясын ислам негізін таратушы және таза 
мұсылмандық шартын, пайғамбар сүндетін, имам ағзам Әбу Ханифа 
мазхабындағы исламды халық арасында таратқан дәруіштер үйлері 
такиялар көп болған. Кейінгі ғасырлардағы отарлау саясатына 
байланысты бұл идеологиялық орталықтардың қызметі едәуір 
әлсірегенімен сақталғанын ХХ ғасырдың басында медреселердегі 
оқудың басы иманның шартын, яғни исламның ішкі мәнін оқумен 
басталғанынан және негізделгенінен көреміз.
Қазақ халқының хандық дәуір қарсаңында болсын, одан кейінгі 
дәуірлерде де өмір сүрген данагөй ғұламаларының білімдері иман-
ның шарттарымен негізделген. Біздің қолымызға ауыз әдебиеті арқылы 
жеткен ақын-жыраулар мұрасы жазба әдебиет мұрасы, ХХ ғасырдың 
басындағы қазақ даналарының шығармашылығындағы адамсүйгіш-
тік, әділеттілік, Ынсап, Мейірім, Тәуба, Ақиқатқа ықыласпен, ихсанмен 
ұйып, нұрлы ақылмен жетуге ұмтылу осы иманның шарттарымен 
бекіп негізделеді. Иманның шарттары ақылды нұрландырып, Ақиқат 
жолына дұрыс бағыт сілтейді. Ақылды соқыр сенім шырмауынан 
сақтауымен қатар, ақыл еркіндігінің қателіктерінен, адам баласының 


138 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет