Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет144/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Осы кітаптың кейбір тараулары Ферғана (Қоқан) хандығының
Алтышәрдің, қазақ, қырғыз халықтарының және қалмақ-жоңғар-
лардың тарихына арналған. 
Кітаптың үлкен бөлігі қосымшалардан тұрады. Бұл тарауда 
Қазақстан мен Шығыс Түркістанның тарихы мен географиясына 
және кейбір қалалардың тарихына қатысты, сондай-ақ қазақ, дұнған, 
шалақазақ (шалақазақтар – өзбектер мен татарлардың жергілікті 
қазақ қыздарымен некелесуінен пайда болған, ерекше этникалық 
топ. Қ. Халид бұған арнайы тоқталған) тағы басқа халықтардың 
этнографиясы мен тарихына байланысты көптеген мәліметтер бері-
леді. Кітаптың тақырыбына және негізгі мазмұнына байланысты 
автор былай дейді: «Хамса» («Бестік») мен «Таттима» («Қосымша») 
бір кітапты құрайды, алайда «Хамсада» бес негізгі топтар туралы 
басты мәліметтер берілсе, ал «Таттимада» 1300 жылға дейін салын-
ған кейбір қалалар туралы деректер және де осы датадан бірнеше 
жылдар кейін болған, яғни біздің кітап жазылғанға дейінгі оқиға-
лар келтірілген. Сондықтан да біз оларды екіге, ал «Такмилді» 
«Қосымшасымен» үшке бөлдік. Қандай да мәліметтің болмысын негі-
зінен іздеген адам «Хамсадан» жеке, екінші дәрежелі мәселелерді 
«Таттимадан», ал жинақталған деректерді «Такмилден» таба алады. 
«Такмилде» шығыс халықтарының тарихы кең түрде берілгендіктен, 
«Хамса» атауына біз «шарқи» деген анықтаманы қостық, сондықтан 
кітаптың аты «Хамса-йи шарқи» – «Шығыс бестігі».
Қ. Халид өзінің еңбегін негізінен материалдар жинағы деп 
есептейді. Автордың білімге ерекше құштарлығы мен әр мәселеге 
зерттеушілік тұрғыдан қараулы бірден назар аудартады. Әсіресе, 
ол – этнографиялық құбылыстарды жай ғана, сырттай бақылаушы 
ретінде суреттеп қоймайды, оны талдап, сол құбылыстардың өсуі 
мен тарихи дамуын түсінуге тырысады.
Атап өтетін бір нәрсе – автордың деректер мен оқиғаларды 
баяндаудағы объективтілігі және соларға көңіл қоярлықтай түсіндір-
ме беруге тырысатындығы. Этнографиялық материалдарды келтіре 
отырып, ол халықтың рухын түсінетіндігін, оның мәдениетін, әдет-
ғұрпын, мінезін сыйлайтындығын, әр халықтың тарихи тағдыры 
– өмір сүру жағдайы мен тұрмыс ерекшелігіне тығыз байланысты 
екендігін терең түсінетіндігін танытады.
Қазақтардың мәдени дәрежесі мен ақыл-ой қабілетін бағалай 
келе Құрбанғали былай деп жазады: «Даналар ақыл-ойды екі 
категорияға бөледі, оның бірін табиғи ақыл-ой (ғылым арқылы 
жинақталған ақыл-ойдан ерекше) деп атайды. Қазақтардың ақыл-
ойы ғылым арқылы жинақталмаса да, яғни олар этика мен мінез-


 
147


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет