Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет133/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
«Иман алдымен Алланың барлығын, бірлігін тану. «Иман-шарт» 
деген кішкене кітәпта иман һәм тәубе туралы сөздің бәрін анықтап 
айтқан. Соның ішінде иманның жеті рәкені бар. Бұлардың мағынасы: 
Әуел Алла тағаланың барлығына, бірлігіне нандым. Періштелердің 
барлығына нандым. Пайғамбарларына жіберген кітаптардың бар-
шасына нандым. Барша пайғамбарларына нандым. Ақырет күні 
болмақтығына нандым. Барша жақсылық, барша жамандық істер 
Алла тағаланың тағдырынсыз болмайтындығына нандым, һәм өлген 
соң, тіріліп сұрау беретініме нандым» – деп жазды мұсылмандық 
шарты жайлы Шәкәрім Құдайбердіұлы. 
Адамның осы дүниеде жинар бақиға ақыретке апарар қазынасы 
– Иман, яғни, әр адамның дүниеге келу мақсатының өзі Алла тану 
– Иман. Әзірет сұлтан Қожа Ахмет Яссауи «Иманның қорғаны – 
шариғат, мәні – тарихат» деген, имандылықтың кепілі шариғат 
шарттарын орындау деп білген. Қожа Ахмет Иассауидің Шариғаттың 
шапанын кимейінше Тарихаттың пырағына мінбейін-ше ой әлеміне 
беріліп батпайынша хақиқаттың майданына кіріп болмас»-деген 
хикмет жолдарының кейбір қырларын пайымда-сақ, мынадай ойға 
жетелейді. Шариғат адамның имандылығын сақтаушы сыртқы киімі. 
Ол, тарихат жолына түсушіні бұл дүниедегі күнәлардан сақтайтын, 
оның ар-ожданын қорғайтын білімдердің жиынтығы. 
Қазақ халқының, қазақ хандығы қарсаңындағы жалпы көшпенді 
түркі халықтарының арасында қожа Ахмет Яссауидің және тариқат 
жолын ұстаушы дәруіштердің ислам дінін, діннің ақиқат мәні – 
имандылық идеяларын таратқандығы мәлім. Сопылықты зерттеген 
ғылыми әдебиеттерде (такия әдебиеті) деген атпен белгілі ауызша 
қара өлеңмен түрік тілінде жырланатын бұл жырлар халықпен 
біте қайнасып оның рухани жоғын жоқтаушы еді. Кейінгі жыршы-
жыраулық дәстүрдің осы (Баб), (Ата) сияқты лақап аттары қосыла 
айтылатын абыздардың өнерімен өзектестілігі мен тамырластығын 
көреміз. Олардың екеуіне де тән қасиет елдің мұң-мұқтажын 
жоқтаған, хан алдында қасқая тұрып сөз айтқан. Ел басына күн туып, 
жау жағадан алғанда хан кеңесшісі болған. Ел есесін әперу үшін, жау 
ордасына барып, жанқияр ерлігімен, кемеңгер ақылымен, өскелең 
рухымен жаудың мысын басып, ел аралық дау-шарды шешкен 
келісім мен бейбітшілікті орнықтырған.
Қожа Ахмет Яссауиді зерттеген көрнекті түрік ғалымы 
Мехмат Фуат Көпірулы былай жазды: (Алайда Яссауи сияқты ел 
билеушілерден мемлекет басшыларынан ешқандай сый күтпейтін, 
тек Алла разылығы үшін тер төккен халыққа діни және сопылық 
ақиқаттары жайында баяндаған, жоғары рухты таза ойлы сопылар, 


136 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет