ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
гуманитарлық ғылымдар жөнінде пікір алысуы оның осы салалар
жөніндегі білімін толықтыра түседі.
Құрбанғали өте қарапайым болатын. Мәселен, өзімен сырттай
таныс, тек қана мәліметтер жіберушілердің өзге де адамдардың
қызметін өте жоғары бағалап отырған.
Өзінің «Тарих-и жәридә-и жәдидә» атты бірінші еңбегін 1885 жылы
Шәуешектен Шығыс Түркістанның ішкі аудандарына, көне Турфанға
жасаған саяхаты кезінде жинаған материалдары мен сапарнамалары
негізінде жазады. Автор осы еңбегінде (көлемі 71 бет) жолында кездес-
кен елді мекендерге, олардың төңірегіне қысқаша географиялық және
тарихи сипаттама жасап, тұрғындардың шаруашылығын суреттейді,
сонымен бірге жеке топонимдер мен жергілікті терминдерге түсінік
береді. Мазар, мешіт, басқа да «қасиетті» орындар саналатын сәулет
өнерінің құрылыстары мен ескерткіштеріне, сондай-ақ жергілікті діни
оқымыстылардың аузынан естіген немесе мазар шырақшылары мен
дінбасылары авторға пайдалануға берген деректер мен ескі кітаптар-
дан жинақтаған «әулиелердің» өмірбаяндарына ерекше көңіл бөлген.
Суреттелген объектілердің ішіндегі ең тамашасы – Турфан қаласы
маңындағы тау. Аңыз бойынша, осы жердегі үңгірді ежелден «жеті
әулие» мекен етіпті. Кітаптың алғы сөзінде Құрбанғали Алтышәрдің
халқы ислам дінін қабылдағалы бері ұдайы шапқыншылықты, есепсіз
бүліктерді, ұрыстарды, басқа да қиындықтарды бастан кешіргендіктен
өз елінің тарихын тіптен білмейтіндігін айтады.
Бір вакуфтық грамотамен таныса келе, Құрбанғали Турфан қала-
сы өткен заманда сұлтандардың астанасы мен мекен-жайы болған-
дығын анықтайды. Сол кезеңдерде қалада тарихшы-жылнамашылар
да болған, алайда олардың кітаптары өзара қақтығыстар мен шет
жерлік басқыншылармен соғыс кезінде жойылып кеткен. Қ. Халидтің
осы кітабындағы мәліметтер сөз жоқ тарихшылар мен этнографтарға,
археологтарға бағалы материал ретінде қызмет етеді.
Құрбанғали тарихшы ретінде 1909 жылы аяқтаған екінші
кітабы «Тауарих-и хамса-и шарқи» арқылы белгілі болды. Осы
кітап туралы 1913 жылы 15-наурызда «Шуро» журналында (№ 6,
763-бет) автордың қазасына байланысты жарияланған көңіл айтуда
былай деп жазылған: «1910 жылы Қазанда оның екінші кітабы,
яғни шығыс түркілеріне арналған «Тауарих-и хамса-йи шарқи» деп
аталған үлкен «Тарихы» баспадан шығып таратылды. Егер аңыздар
мен ескі нанымдарға қатысты жеке элементтерін алып тастаса, бұл
кітап, шын мәнінде тамаша еңбек. Онда өте құнды және басқа еш
жерде кездеспейтін мәліметтер бар. Кітап автордың ғалымдығы мен
адамгершілігін және оның ойы мен ақылының еркіндігін көрсетеді.
146
Достарыңызбен бөлісу: |