Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Қ. Халидтің аталған шығармасындағы этнографиялық және
тарихи материалдар мен мәліметтердің негізгі бөлігі қазақтарға
қатысты.
Қазақтардың шығу тегі мен тарихына арналған тараудың
кіріспесінде Құрбанғали оқырмандарына, осы еңбекті жазуына
қазақтар тарихына байланысты арнаулы шығарманың болмауының
әсер еткенін хабарлайды. «Осы жағдайларға байланысты, – деп
жазады ол, – мен байғұс, үлкен күш жұмсап, жиырма жылдан артық
уақыт материалдар, арнаулы әдеби деректер жинап, солардың бәрін
бір жүйеге келтіріп, қаймағын қалқып осы кітапқа енгіздім».
Автор кітаптың қазақ тарихына арналған тарауларында
мынадай мәселелерді: алаш, өзбек, қазақ, ноғай атаулары туралы,
жүздер, ұрандар туралы және қазақ пен ноғайдың бірігуі мен бөлі-
нуіне қатысты аңыздарды, Орталық және Солтүстік Қазақстан
территорияларындағы археологиялық, архитектуралық ескерткіш-
тер туралы, Шыңғыс хан және оның тұқымдары, Асан ата және оның
даналық сөздері, хандардың сайлануы туралы, төрелер мен төлеңгіт-
тер, Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылуы және әкімшілік округ-
тардың, бекіністердің, қалалардың негізінің қалануы, шалақазақтар
этникалық тобының тарихы, жалған атақ жамылған молдалар мен
олардың қырдағы қызметі туралы жайттарды баяндайды.
Қазақстан бойынша топономикалық материалды елдің физи-
калық және тарихи географиясымен, сонымен бірге тіл ерекше-
лігімен тығыз байланысты қарастырады. Қазақ тіліне, поэзиясына,
тілдің өзіндік ерекшелігіне кітаптың ондаған беттері арналған.
Құрбанғалидың қазақтарға байланысты этнографиялық
очерктерінің үлкен бөлігі рухани мәдениетке (әдет-ғұрып, салт,
наным, халықтық педагогика, поэзия және т. б.) арналған. Сонымен
бірге, материалдық мәдениетке байланысты да қызықты деректер
кездеседі. (Мысалы, бір параграф бүтіндей қымызға арналған).
Кітапта киімдерге, ыдыс-аяққа, мал шаруашылығына қатысты
бағалы мәліметтер бар.
Құда түсу мен той салты біршама нақты суреттелген. Қазақ-
тардың осы бір семьялық мерекесін көптеген этнографтар Қ. Халидке
дейін де және онан кейін де зерттеген еді. Әрине, осы мәселені
зерттеушінің әрбіреуі өзінің шығармасында өз таным дәрежесіне
қарай көңіл бөлуге тұрарлық жағдайларды атап өтуі табиғи нәрсе.
Соның ішінде, белгілі қазақ ағартушысы, педагог және этнограф
Ыбырай Алтынсарин той және жерлеу салтын суреттегенде мәселенің
экономикалық жағына ерекше көңіл бөледі, олардағы кері әсер ететін
қалдық элементтерді көрсеткісі келеді. Мысалы, қалың малмен қыз
149
Достарыңызбен бөлісу: |