ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
источников, степной устной историографии и предыстория Казахского
ханства) // Утемиш-хаджи. Чингиз-наме / Факсимиле, перевод, транскрипция,
текстологические примечания, исследование В.П. Юдина. Комментарии и
указатели М.Х. Абусеитовой. – Алма-Ата: Ғылым, 1992. – С. 64.
8 Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 182 б.
9 Му’нис. Фирдаус ал-икбал // Материалы по истории Казахских ханств
XV–XVIII вв. – Алма-Ата, 1969. – С. 560–568.
2.5 Құрбанғали Халид Аягөзидің «Тауарих хамса» атты
кітабындағы тарихи-философиялық мәселелер
Қазақтың тарих философиясын жаңа деңгейге көтерген
өзіндік еңбекке Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамсасы» жатады.
М.Х. Дулатиден бастау алған тарихи дәстүр өз жалғасын XIX–XX
ғасырлардың басында Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістанда
өз жалғасын табады. «Тауарих хамса», автордың өзіндік ескертуі
бойынша, тек шежірелер жинағы мен тарихи баяндау емес, онда
Шығыстың бес халқы туралы, ең алдымен қазақ халқы жөнініде
мәдени-этнографиялық, дүниетанымдық, аңыздық-мифологиялық
және т. б. келелі мәселелер көтерілген энциклопедиялық туындыға
жатады.
Соңғы екі он жылдықта Орта Азия мен Қазақстанда этногра-
фиялық зерттеулердің кең жолға қойылуына байланысты күннен-
күнге тек қана далалық-этнографиялық материалдар ауқымы
кеңейіп қана қоймай, сонымен бірге әдеби деректер де молая түсуде.
Архивтер мен кітапханалардан беймәлім және нақты зерттелінбеген
жазбалар, туындылар алынып, ұмытылған есімдер ғылымда өз
орнын табуда. Жазықсыз ұмыт қалғандардың қатарында револю-
цияға дейінгі қазақтардың және де Орта Азияда, Қазақстанда,
Шығыс Түркістанда қоныстанған басқа да халықтардың тарихы мен
этнографиясын зерттеуге елеулі үлес қосқан қазақстандық тарихшы,
этнограф Құрбанғали Халидтің де есімі бар. Оның «Тарих-и жәридә-и
жәдидә» – «Тарихтың жаңа жазбалары» (1889 ж.), «Тауарих-и хамса-
йи шарқи» – «Шығыстағы бес елдің тарихы» (1910 ж.) атты өте
қызықты екі еңбегі Қазанда басылып шыққан еді.
Құрбанғали Халидтің шығармашылығында көптеген тарих
философиясына қатысты мәселелер қойылады. Автордың пікірі
бойынша, тарих бүкіл адамзаттың уақытпен біріктірілген оқиғала-
рының тұтастығымен сипатталады. Ол өткен шақтың оқиғаларын
суреттеумен шектелмей, оларды қазіргі өмір мәселелерімен байла-
144
Достарыңызбен бөлісу: |