Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет190/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
тәжірибеде қолданып отырған. Билер философиялық ойының шыңы 
да қарама-қайшылықты ұғым-түсініктердің ара жігін ажырату 
мәселесіндегі турашылдығында. Өйткені арам жолмен табылған мал 
мен олжаның, адал жолмен келген мал-мүліктен айырмашылығын 
түсіндіруде «обал-сауап», «адал-арам» – сияқты қарама-қарсы 
мәндегі ұғымдарды ұрпақ зердесінде мәңгілік ұялата білді. Діни-
этикалық исламдық құндылықтар жүйеленіп, сахара жұртының 
діни наным-сеніміне айналды. Олардың жүректеріне имандылық 
пен тәубешілдікті ұялатты. Би-шешендеріміз қазақ елінің далалық 
демократиялық ұстындарын қадір тұтып оларды жетілдіріп қана 
қоймай, іс жүзінде сөз өнерінің философиясын жасады.
Қоғамның дамуының әр кезеңі адам болмысының дамуы арқылы 
болады. Адам өзін өзі жетілдіре отырып қоғамды жетілдіреді. 
Адамдар өздерінің іс-әрекеті арқылы қоғамның алға жылжуына 
тікелей қатынасады. Сондықтан қазақ хандығы тұсындағы билер 
атқарған ұлы істер адамды рухани жетілдіруге бағытталғандығымен 
құнды деп есептейміз. Ата-бабаларымыздан келе жатқан архаикалық 
құндылықтардың да атқарар қызметі аз емес. Бірнеше ғасыр бұрын 
қазақ қоғамында әлеуметтік індет болған келеңсіз іс-әрекеттер бүгінгі 
күнде де біздің қоғамымызда етек алып отыр. Бұл әсіресе қоғамның 
өтпелі кезеңінде көрініс беретін құбылыстар. 
Жаһандану заманында әр этнос өзінің ұлттық мәдениетін 
ұлықтауы тиіс. Алысқа бармай-ақ ғасырлар бойғы салт-дәстүрлерін 
әлі күнге шейін жастарының санасына сіңіріп отырған Жапон мен 
Қытай мемлекеттерінің даму барысын бақыласақ та жеткілікті. 
Олардың тәжірибесінің ұстанымы ата-бабаларының мәдени 
мұралары мен ұлттық құндылықтарын ардақ тұтуына сүйену болып 
табылады. 
Билік құру қазақ қоғамында жазалаушы ғана орган болған жоқ, 
оның тәрбиелеушілік қызметін де қоса атқарғанын бағамдадық. 
Билік құру, төрелік айту, қазылық етудің туы «әділдік», көздегені 
«ақиқатқа» жету. Осындай адам тағдырын шешудің кілті қолында 
болатын билерге Төле би : 
Қолыңда болса бар билік,
Қараға залым болмаңыз.
Алдыңа келсе бітпес дау,
Әділін айтып қорғаңыз [10, 40 б.]
– деп өсиет қалдырған. Бұл қағида заманауи сот билігінің тізгінін 
ұстаған азаматтардың басты ұстанымы болуға тиіс. «Тура биде – 


 
193


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет