Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет193/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   297
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
адам құқығын қорғау болып отыр. Шешеннің адам әуел бастан құл 
болу үшін туылмаған деген тұжырымы еркіндіктің басты құндылық, 
өмір мәні екендігін айғақтайды.
Сен қабылан да, біз арыстан,
Алысқалы келгенбіз,
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз,
Тұтқыр сары желімбіз
Жабысқалы келгенбіз,
Берсең жөндеп бітімді айт,
Бермесең дірілдемей жөніңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт [12, 59 б.]! 
– Мәселені тікелей қойып, оны бірден шешуді талап етеді. Әуелі 
бейбіт жолмен, жоралғысымен тұтқындарды қайтаруды өтіну 
бар. Бітім болмаған жағдайда, күш қолданылатынын ескертеді. 
Жауына сес көрсете, асқақ түрде талап қоя да білген. Қазбектің 
шығармашылығының өзіне тән пайымдаулары ұлтымыздың 
тарихнамасында адам құқығы мен еркіндігін қорғаудың жарқын 
үлгісі ретінде мәңгілік сақталады.
Арқалы билеріміз сөз өнерінің майын тамызған әрбір ойын әуез-
дете білген майталмандар еді. Ұлы Абайдың «өлең сөздің патшасы, сөз 
сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы» қазақтың шешендік өнерді 
баптаушыларын «дана ерге» теңегінін осы мысалдан көруге болады. 
Біріншіден, би-шешендер ойларын поэзия түрінде жеткізді. Екінші-
ден, халқының асыл қасиеттерін суреткерлік шабытпен төгілтіп, 
екпіндетіп, әрлеп жеріне жеткізе толғағанда дұшпаның да басын 
игізді. Сөз қадірін білген жұрт, басқа іс-әрекеттерге жол бермеген. 
Осы сапарда Қазыбек ел намысын осылай қорғап, туысқандарын 
құлдықтан құтқарды. Ойшыл сұңғыла ақылы мен парасатын 
халқының басына түскен ауыр халден құтқару жолында ұтымды пай-
даланды. Бұл Тұлға еркіндігі мен шығармашылық шабыт құдіретін 
айқын танытады. Қазыбек шығармашылығы еркін ойлы Тұлғаға ғана 
тән. Адам бостандығы мен еркіндігін қамтамасыз етудің жолында 
билеріміздің атқарған қызметі қазіргі Қазақстан мемлекетінің 
рухани тұғырларының бірі болып табылады. Қазақтың дәстүрлі 
қоғамында еркіндік идеясының дамуы билердің философиялық ой-
тұжырымдарында осылайша көрініс беріп отырған.
Қазыбек бидің тағы бір ел ішіндегі үлкен оқиға саналатын 
1748 жылы тамыздың 4 күні Әбілқайыр ханды Барақ сұлтан 


196 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет