Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет192/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
жаманшылығы әшкере білінгендіктен түссе, әйтпесе түспеске» – де-
ген шарттар қояды [9, 14 б.]. Алайда, заманның өзгеруіне байланысты 
ескіргендерін алып тастап, жаңа өмірге келіспейтұғынның орнына 
татитын жаңа жарғыларды толықтыратын билік шығаратын кісі ке-
ректігін айтқан болатын. Ойшылдың пайымдауында билік құратын 
адам міндетті түрде білімді және жоғары адамгершілікті болуға тиіс. 
Мансап пен шен қолына тигенде ақыл таразысына салып, алдымен 
халықты ұйытатын әділеттілікті ұстанғанда ғана шын мәнінде 
«әділетті басшы» бола алады. Өз заманының жас ұрпақтарына 
лайықты тәрбие беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды дұрыс 
жолға сала білген Төле би бабамыздың салып кеткен билік құру өнері 
мен имандылық қағидалары осы заманның да кәдесіне асарына дау 
сөзсіз. 
Қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тәуелсіздігі Қазақ хандығының 
250–300 жылдық кезеңі болып табылады. Хандық мемлекеттің 
қалыптасуының ірге тасын Төле, Әйтеке, Қазбек билер бірге қаласты. 
Ел ішіндегі тек ру аралық мәселелерді шешуде ғана емес, мемлекет 
аралық даулы мәселелерді шешуде қазақтың үш биінің ауызбіршілігі, 
билік құру өнерін меңгеру іскерліктері көрініс берді. Олардың 
бойынан әр кез табылған азаматтық, мәрттік бүгінгі таңдағы қазақ 
елі жастарының еліктеп, ұқсап бағуға тұрарлық құндылықтар. 
Ел билеуші әуелі халықтың тынышығын сақтап, оның бірлігін 
қамтамасыз етуді өзінің басты мақсаты етуі тиіс. Ол үшін ел тұтастығын 
көздейтін ең басты әділдік, арлылық сияқты құндылықтарды 
ұстануы қажет. Өз мүддесінен халықтың мүдделерін жоғары қою 
әрбір қолына билік тиген азамат үшін ең басты қасиет. Сонда ғана 
ол пендешілікті жеңе алады. Бұл жерде адам өзінің нәпсілерін тежей 
отырып, еркіндігін де шектейді. Ерік деген осы екен деп, қолына 
билік тізгіні тие сала оны шексіз пайдалану емес. 
Қазақ халқының тағдырын шешуде көш бастаған көсемдері, сөз 
бастаған шешендері мемлекеттік істерді реттеп отырды. Солардың 
ішінде ерлікке лайық батылдық пен ер жүректілік көрсеткен 
мәмлегеріміз Қаздауысты Қазыбек би. Оның даңқы мемлекеттік 
мәселелерді шешуде іскер мәмлегер дәрежесіне дейін көтерілді. 
Қазыбек бидің «Қаз дауысты» атануының тарихы бар. Қазақ 
хандығының көрші елдермен қарым-қатынаста әрқашан бейбітшіл 
сыртқы саясат ұстанғанын аңғарамыз. Адамның дүниеге келудегі 
өмірінің мәні оның еркіндігінде деп білген көшпелі жұрт басқаға 
басыбайлы болмаған. Хандық мемлекетте жеке тұлғалардың барлық 
жағынан қорғалғанын елшілік жіберіп тұтқындарын босатуды талап 
еткендерінен анықтауға болады. Мемелекет елшілігінің осы сапары 


 
195


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет