Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет196/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
жайындағы шығармалар соның айғағы. Қазақтың дауларының 
ішіндегі намысқа тиетіні (рудың, жүздің) жесір дауы болып табылады. 
Бұл ғұрып күйеуі қайтыс болып бала-шағасымен әйелі қалатын болса, 
ол балаларды қаңғыртпай, жесірін ешкімге бермей ағасы немесе інісі 
алатын болған. Олардың қараусыз қалуы ру, жүз, ел намысы болып 
саналған. Бұл құбылысты әмеңгерлік деп аталған. Алайда, әмеңгерлік 
институтында күштеу, зорлық деген болмаған. Әдетте ол ағайын 
арасында келісіліп, әйелдің ырқымен санасу арқылы шешілетін. 
Қазақ жетімін қаңғытпаған, қазіргідей мемлекетте жетімдір үйі 
болмаған. Жесірлерін жылатпаған, олар жан-жақты қамқорлыққа 
алынған. Әмеңгерлік институттының оңды жақтарына назар салсақ 
қазақ ішіндегі ағайынгершілікті бірегейлендірді. Демографиялық 
ахуалдың да жақсаруына ықпал етті. 
Үш бидің сыншысы халқы болған. Күлтөбенің басында хан 
сайлап, жер дауы, жесір дауы, тағы да басқа әлеуметтік мәселелерді 
талқылап отырған. Үш жүздің ынтымағының қаймағы шайқалмай, 
іргелі ел, тұтас бір мемлекет болуына не қажет дегенде, мынандай 
толғау жолдарын қалдырған екен. Төле бидің айтқаны: 
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қылмаса?
Хандықтан не пайда?
Қарашасын жалмаса.
Молдалықтан не пайда?
Шариғатты өзгертіп,
Нашарларды алдаса – 
деп, батыр бол, хан бол, молда бол мейлі, тек қана адал бол дегенді 
білдірсе керек. Ал Қазыбек бидің: 
От басында білгір қартың болса,
Ол жазылған хаттан кем емес
Ей, біз үш жүз, үш қазақ керіспейік,
Асылы бізге керіскен жөн емес – 
деп, біртұтас қазақ ұлтын ауызбіршілікке үндейді. Жүзге бөлінгеннің 
жүзі күйсін деген сөзді халық бекер айтпаған. Билер философиясы 
жалқыдан жалпыға, жекеден көпке, әрқашан тұтастықты қамтыған 
ой жүйелері болды. Үшінші болып Әйтеке тұжырыпты:
Мен жиырма тоғыз рудан құрылған кіші жүзбін,


 
199


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет