Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының



Pdf көрінісі
бет275/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   297
IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
дарының сарыуайымы көшпенділіктің құлдырауын көрсетсе, өз за-
маны мен қоғамды аяусыз сынауы, көшпенділік тірелген тұйықтан 
шығудың жолын жанталаса іздегендерін көрсетеді. Сондықтан дүние 
жарылып кеткендей болып көрінді, бұндай өмірден қашқылары кел-
ді, бірақ барар жер жоқ. Болашақ бұлдырлығымен қорқытты.
Дулат ақын өз заманындағы қазақ қауымында жақсылық пен 
әділдік ұстанымдары емес, жамандық пен жауыздық билік құрып 
тұрғанын, осы заман адамдары жүрек пен ақылдың талабымен емес, 
соқыр сезімнің жетегімен жүріп жатқанын жақсы түсінді. Дулат: 
«Арқасы елдің жауыр боп
Жеңіл жүгі ауыр боп, 
Төрт аяқтан ақсады-ай…» – деп жырлады [2, 207 б.].
Дулат – діндар ақын. Оның дінге деген көзқарасы «Ата-ананың 
ақылы», «Бұл заманғы адамның» және басқа да шығармаларында 
көрініс тапқан. Ойшыл дүниені де, адамды да Алла жаратқан деп 
түсінеді. Онымен қоса Алла біреуді бай, біреуді жарлы, біреуді 
надан, біреуді дана қылып жаратқан. Жақсы молла Құран мен араб, 
парсы тілдерінде жазылған кітаптарды оқиды, барша мұсылмандар 
бой ұсынған шариғат заңдарын жақсы білуі керек дейді Дулат ақын. 
Дулат үшін мұсылмандық пен шариғат заңдары оны мүлтіксіз 
сақтау қазақтарды жақсылыққа жеткізетін конституция іспеттес. 
Ойшыл исламды орысшылдықтың қазақ даласына ықпал етуіне жол 
бергізбейтін рухани тосқауыл ретінде пайдаланғысы келді. 
Дулат ақынның бүкіл шығармашылық мұраларының негізгі 
идеясы мен өзекті ойы ұлтжандылық пен Отанының тәуелсіздігі 
үшін күрес идеясы болды. Билік мәселелерін сөз ете отырып, ойшыл: 
«Би мен бектің сәні жоқ, 
Елін қорғай алмаса
Тура жолға салмаса, 
Ыстығына күймесе, 
Суығына тоңбаса», – дейді [2, 212 б.]. 
Билік мәселесін этикалық тұрғыдан талдау Дулат ақынға тән 
көзқарас. Ол қолында билігі бар адамдар дана, білімді, тәжірибелі, 
қандайда да болмасын мәселені шешуге қабілетті, әділ де мейірімді 
қайраткерлер болуы керек деп түсінеді. Билік басындағылар ең 
алдымен өнегелілігін, адамдық парызын, әділ шешімдері мен өмір-
дегі үлгілі істерін сөзбен емес, істерімен дәлелдеуі тиіс деп санады 


280 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет