Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының



Pdf көрінісі
бет273/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   297
IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
табылады. Дүниедегі барша жақсылық та, жамандық та адам қолымен 
жасалып келеді. Кез келген қогамның өсуі немесе өшуі сол қоғамдағы 
адамдардың парасаты мен іс-әрекетіне тікелей байланысты. Адамды 
рухани жағынан жетілдіру қоғамды жетілдірудің төте жолы. 
Сонымен, Махамбеттің дүниетанымы мен құндылықтар әлемін 
зерттеу біздерді жаңа бір белеске көтереді деп ойлаймыз. 
Әдебиеттер
1 Бес ғасыр жырлайды.1-ші том. – Алматы: Жазушы, 1984. – 205 б.
4.3 Зар-заман ақындары шығармашылығының филосо-
фиялық мәні 
Этикалық мәселелер – адамның бақыты, жақсылығы, парызы, 
ар-ұяты, оның болмысының міндеті, мағынасы, мақсаты – қазақ 
философиясының өзегін құрайды. Әлемді, адамды, оның өмірдегі 
орны мен рөлін философия – этикалық тұрғыдан ұғыну – қазақ 
философиялық ой-толғауына тән ерекшелік.
Дулат Бабатайұлы өзінің шығармаларында жақсылық пен 
жамандық, әділдік пен әділетсіздік, адам өмірінің жалғандығы мен 
уақыттың өтпелілігі туралы толғады. Ол бүкіл қазақ даласын қам-
тыған Кенесары Қасымовтың азаттық қозғалысын көзімен көрді. 
Кенесарының жеңілісі бұдан кейін көп уақытқа дейін еркіндік пен 
тәуелсіздікке деген үмітін үзген қазақ халқының санасы мен жүрегін 
ауыртты. Осы кезден бастап қазақ халқының еркіндік үшін күресі 
рухани жақтан өрістеді, ал Дулаттың және басқа да зар заман ақын-
дарының шығармашылықтарында отаршылдыққа қарсы күрес 
қажеттілігінің идеялық негізі қаланды. «Зар заман» атауын әдеби 
термин ретінде алғаш рет Мұхтар Әуезов қолданысқа енгізді. Ол өзі-
нің 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» атты еңбегінде зар 
заман ақындарына арнайы бөлім арнап, күрделі кезең поэзиясына 
жан-жақты талдау жасады; зар заманның өкілдерін атады; бұл 
дәуірдің басы мен соңына дейінгі аралықты белгіледі; сондай-ақ 
тарихи және теориялық негіздемелерін ұсынды [1, 192 б.].
Дулаттың негізгі еңбегі «Өсиет наме» 1880 жылы Қазанда 
басылып шықты. Кітапта ақынның негізінен философиялық-
өнегелік мәселелерді көтерген туындылары барынша жинақталған. 
«Өсиет намеде» ойшыл ізгілік пен зұлымдықтың, жақсылық пен 
жамандықтың, сараңдық пен жомарттықтың, сауаттылық пен 


278 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет