Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы



Pdf көрінісі
бет53/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   297
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
жүйесіне, оның ішінде тарих философиясына өзінің өлшеусіз 
үлесін қосты. Дулатидің дүниетанымдық, тарихи-философиялық 
көзқарастарын қарастырмас бұрын, бүгінгі ғылыми түсініктегі 
тарихи сана ұғымына, әлемдік тарихнамада қазақ тарихының алатын 
орнына тоқтала кетейік. 
Тарих – бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жады. Жады немесе 
әлеуметтік ес неғұрлым терең болған сайын адам да, тұтастай алғанда 
қоғам да рухани бай болады. Бүгінгіні түсіну мен болашақты болжау 
үшін өткенді білу тарихи білімнің негізгі арқалайтын жүгі екендігі 
рас. Ал бұл тарихи білім берудің мақсаты жан-жақты дамыған 
тұлғаның ойлау мәдениетінің қажетті компоненті ретіндегі тарихи 
сананың элементтерін адам бойында қалыптастырумен ұштасып 
жатады. Тарихи білім немесе тарихи эрудиция – бұл тұлғаның 
рухани байлығы. Қазіргі адамның алдыңғы буынның жинақтаған 
әлеуметтік-мәдени тәжірибесіне тереңірек ендеген сайын оның 
өмірлік және азаматтық ұстанымы да айқындала түседі. Тарихи білім 
адамның ғылыми дүниетанымының қалыптасуына, оның бойында 
адамгершілік мұраттардың егілуіне ықпал етеді. Отанға деген 
сүйіспеншілік, оның өткені мен бүгінін мақтан тұту патриотизм деп 
аталатын сезімдердің құйылысын тудырады. 
Тарихи айғақтар, уақиғалар адамның санасында қашанда белгілі 
бір көзқарастармен байланыста құрастырылады. Ал кеңес дәуірінде 
жалпы ойлау мәдениетінің дүниетанымдық негізін маркстік-лениндік 
теория құрады. Алайда бұл ілімнің сыңаржақтылығы кеңестік өзге 
ғылымдар сияқты тарих ғылымында да қайшылықтардың орын 
алуына негіз болды.
ХХ ғасырда табиғи және әлеуметтік өмірде орын алған ғаламат 
өзгерістер адамзаттың алдына ғаламдық мәселелерді қойды. Қоғам-
дық дамудағы нақты-тарихи, ұлттық және таптық мәселелердің 
қойылуы мен олардың шешілуі, дәстүр мен жаңашылдықтың, әлеу-
меттік ес пен индивидуалдық жадының, жаттану мен ұжымшыл-
дықтың арақатынастары мәселелерінен кеңестік гуманитарлық 
пәндер салаларымен қатар, тарих ғылымы да тыс қала алмады. 1980-
ші жылдары кеңестік ғылымда бұл қалыптасқан жаңа ахуалдың 
теориялық көрінісі әлеуметтік зерттеулердің мәселелерін талдаудағы 
әртүрлі бағыттардан көрінеді: философиялық-әлеуметтанымдық 
[9], гносеологиялық [10], мәдениеттанымдық [11], методологиялық-
тарихи [12].
Бұл бағыттардың соңғысы тарих ғылымының әдістемелік 
мәселелерін талдау негізінде қалыптасты. Бұл мәселелерді соңғы екі 
онжылдықтар бойы белсенді түрде талдау әлеуметтік шарттылық 


56 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет