Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет54/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
туралы, тарихи білімнің қызметі мен мақсаты туралы мәселелерді 
кеңінен қойып, оны тарихи танымға деген гносеологиялық тәсілдің 
шеңберінен тысқа алып шықты. Ғылымның жинақтаған бай тарих-
намалық материалын игеру, арнайы мамандандырылған білім 
дамуының заңдылықтарын бекіту, тарихнамалық сипаттау мен 
түсіндірудің ғылыми бағдарламаларының, әдістерінің, формалары-
ның өзгеру себептерін түсіну қажеттіліктері туындады. Шын мәнінде 
бұл тарих ғылымының тұжырымдамалық тарихын қалыптастырудың
үлкен міндеттері болып саналады. Оларды шешу жолында тарих-
намалық жұмыстың саналы тәсілдері мен эмпирикалық қондыр-
ғыларын анықтайтын терең негізді айқындау мәселесі ретіндегі 
тарихи сана мәселесі пайда болды. Осыдан барып тарих ғылымының 
методологиясынан бастау алатын сирек болса да еңбектер гносео-
логиялық реңге ие болады. Осыдан барып «тарихи сана» ұғымының 
екі мағынасы келіп шығады: тарихнамалық көзқарастармен сәйкес 
келетін тар мағынасындағы және дүниетанымдық парадигма сипа-
тына ие кең мағынада. Мұның соңғысы нақты-ғылыми көзқарасты, 
оның тетігі мен нәтижесін білдіреді [13]. 
Шындығында, тарихи сананың өзіндік феноменін, оның моди-
фикацияларын зерттеу келешегі бар міндет болып табылады. 
Тарихи сананың тар шеңберден шығып, тарихнамалық білімдермен 
қатар, күрделі, жүйелі, полифункционалды құбылыс ретінде қарас-
тырылуы, арнаулы білім формасымен қатар, алуан түрлі формалар-
да өмір сүретін әлеуметтік-мәдени феномен ретінде көрінуі, сөз жоқ, 
бұл мәселенің көкжиегін кеңейте түседі. 
Алдымен дәстүрлі «қоғамдық сана» сөзімен қатар, ғылыми 
айналымға кейін енгізілген «тарихи сана» терминіне байланысты 
мәселені шешіп алу қажет. Маркстік теорияның негізін қалаушы-
лардың мұрасында «қоғамдық» және «тарихи» сөздері «сана» сөзіне 
предикат ретінде қолданылып, көбіне мағынасы жағынан синоним 
түрінде көрінгенімен, олар толық сәйкес деп айтуға болмайды. 
Керісінше, терминдердің мүлдем дерлік ажыратылмастай жақын-
дығы әлеуметтік өмірдегі статикалық пен динамикалық, синхронды 
және диахронды бастаулардың өзара тәуелділігі мен сәйкессіздігінің 
нақты күрделілігін жасырып тұрады. Шындығында сана тарихи 
айқындалған (қоғамдық сана), қашанда бар нәрсе, бірақ ол сонымен 
бірге өткен жолды, оның ұзақмерзімділігі мен желісін пайымдай-
тын рефлексия болғандықтан да ол тарихи. Демек, «қоғамдық» 
және «тарихи» терминдерінің семантикалық әрқилылығы маркстік 
методологияның мазмұндық қырларымен анықталады. Бірақ ол 
бұрын теориялық мәнге ие болған жоқ, ал «тарихи сана» ұғымының 


 
57


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет