Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет52/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мен оңтүстік-шығысын алып жатқан Моғолстанның және Қашқария-
ның тарихына, оны билеген шағатайлық нәсілдегі хандардың 
тарихына, дулат тайпасының тарихына, оның Шығыс Түркістандағы 
билеушілерінің тарихына арналған. Мырза Хайдардың еңбегінде 
Орталық Азияны мекен еткен өзге де халықтардың тарихы, тарихи 
географиясы, салт-санасы және т. б. туралы орасан көп мәліметтер 
кездеседі. «Тарих-и Рашиди» сол заманның басқа деректерімен, оның 
ішінде «Бабыр-намемен» салыстырғанда, Моғолстан мен Моғолия 
туралы басқа еш жерде кездеспейтін хабарларды береді, сондықтан 
да Моғолстан мен Шығыс Түркістанның ортағасырлық тарихын 
зерттеген шығыстанушы авторлардың барлығы дерлік осы тарихи 
дерек көзіне сүйенеді. 
«Тарих-и Рашиди» – қазақ халқының тарихы бойынша ең негізгі 
жазба деректердің бірі. Онда қазақтар туралы мәліметтер өте мол, 
Керей мен Жәнібек ауып көшкенге дейінгі Шығыс Дешті Қыпшақтың 
тарихы бойынша да ақпараттар кездеседі. Мұхаммед Хайдар қазақ 
мемлекеттігінің негізін салған осы қоныс аудару прецеденті туралы 
және осыған байланысты қазақтардың өз этнонимін қалай алғанын 
да хабарлайды. «Тарих-и Рашидиде» бастапқы қазақ хандары 
туралы, қазақ-моғол және қазақ-өзбек қатынастарының одақтастығы 
немесе дұшпандығы туралы, Моғолстанды, қазіргі Қырғызстанның 
территориясын басып алудағы қазақтар мен моғолдардың 
бәсекелестігі туралы, Жетісудың, Түркістанның және т. б. елдер мен 
аймақтардың тарихы, тарихи географиясы, топографиясы, әдет-
ғұрыптары туралы материалдар да молынан ұшырасады. 
Қазақ хандығының онан арғы саяси тарихы нығаюмен, күшеюмен 
сипатталады. Тарихи тағдырларға сәйкес Орталық Азиядағы басқа да 
көшпенді мемлекеттер сияқты Моғол мемлекетінің де саяси сахнадан 
кеткені мәлім. Ал оны құраған этникалық тайпалар мен рулар, 
оның ішінде біз қарастырып отырған Мырза Хайдар бабамыздың 
тегі болып саналатын дулат руы да қазақ халқының этникалық 
компонентіне кіретін Ұлы жүздің құрамына енді. Сондықтан да 
осыдан-ақ М.Х. Дулатиді ұлттық-мәдени идентификациялауға 
қатысты қайшылықты пікірлерден дұрысын анықтап алуға болады. 
Оның үстіне Дулати шығармашылығынан аңғарылатын оның 
дүниетанымдық көзқарастары қазақтың ұлттық ойлау жүйесіндегі 
тұтастықты бұзбайды, керісінше рухани сабақтастықтың ізі айқын 
байқалады. Мұхаммед Хайдар Дулати өзі өмір сүрген заманның 
объективті құбылыстарын әр қырынан пайымдап, сол қоғамның 
әлеуметтік-саяси, рухани-мәдени жетістіктері мен кемшіліктерін 
ой таразысына салып, сайып келгенде, оның философиялық ойлау 


 
55


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет