Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет156/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
немесе ең жоғары тұрған Мен деп атады. Даосизм философиясында 
бұл субстанция «бос кеңістік» деп аталған, ежелгі материалистік 
ілімдерге бұл «праматерия» деген атауға ие болды. Ал диалектикалық 
материализмде ол екінші дәрежедегі категориялар қатарына қосыл-
ды. Бұл философиялық категориялар, бастапқы логикалық анықта-
малар философия ғылымында ешқандай дамымады.
Жаңа заманнан бергі Батыс Еуропа философиялық мектебі ақыл-
естің, ойлы адамның күшін паш етіп, аясында заттық, тәжірибелік 
сапаларды және қарым-қатынастарды талдау, рефлексия мүмкін 
болатын дәлелденетін категорияларды зерттеу жолымен жүрді. 
Осылайша Батыс Еуропа философиясы мен ғылымында негізінен 
бірыңғай сезім мен тәжірибенің объективтік мәліметтеріне сүйенетін 
логицизм шеңберімен шектелген зерттелуші объектіні қарабайыр-
ландыру жолы таңдап алынды. Еуропаның И.Кант секілді көрнекті 
ойшылдары, экзистенциализм мен иррационализмнің өкілдері, 
өздерінің рационализмнің тар өрістілігі жөніндегі сындарында бұл 
зерттеушілік бағытта айрықша философиялық көзқарастар ұсынды, 
бірақ олар бытыраңқы, тұтас емес әлемді көрсетті.
Қазақ жырауларының дүниетанымында әлем, ғарыш эзотерия-
лық субстанцияның арқасында толысқан бүтіндікке, жоғарғы, 
орта және төменгі әлемдердің арасындағы байланысқа ие болады. 
Қазақ ойшылдарының поэтикалық мұрасында этикалық қарым-
қатынастардың жаңа аспектісі, әлем мен адамның, олардың бірлігін 
және өзгешелігін түсінудің тарихи алғышарттарының бірі зерттелген. 
Сонымен біргі әлемнің мұншалықты аса зор, синтетикалық үлгісі 
қазіргі заман ғылымынан логикалық танымның құралдарының бірі 
ретінде рационалдық ойлаудың да, интуицияның да басын қоса 
алатын айрықша әдістемелік, терең философиялық көзқарасты 
талап етеді.
Қазақ ойшылары «қоғам-адам» қарым-қатынасының идеялық, 
әлеуметтік және дүниетанымдық мазмұнына да маңызды үлес қосты. 
Қазақ жырауларының әлемдік суретінде этика мен этикалық көбінесе 
адамның сәулелендіруші енжар санасынан гөрі жігерлі, белсенді 
бастамасы ретінде түсіндіріледі. Олар өздерінің замандастарына, 
мемлекет қайраткерлеріне, батырларға, хандарға, билерге, жауын-
герлерге және жастарға еш уақытта маңызын жоғалтпайтын мораль-
дық құндылықтарды бағалауға және сақтауға шақырып, сөз арнайды. 
Жауынгер жыраулардың туындыларында өз ісінің ақтығын тек сөз 
жүзінде ғана емес, егер оппонент автордың адалдығына және ізгі 
ниетіне күмәнмен қарап, ұрысуға бел байласы, қолына қару алып та 
дәлелдеуге дайындық аңғарылады. 


 
159


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет