Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет154/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
- бұл сияқты пікірлердің кез келгені субъектіні дара бірдеме
жақсы жағдайда айрықша бірдеме ретінде түсінуге негізделген. Шын 
мәнінде, құдай да діндегі жеке және енжар материалдық табиғат 
түріндегі өзінің «өзгеше бірдемесін» жасаушы ретінде және толығуы 
үшін табиғи даму жетіспейтін Абсолют те осындай;
- әрбір жеке индивид сонымен бірге өзі арқылы жалпыға ортақ 
заңды және әлдеқандай жалпыға ортақ қарым-қатынасты білдіретін 
бірдеңе;
- субъектінің өздігінен дамуы мен өзін-өзі табуы да осынау 
жалпыға ортақ қарым-қатынастың бейнеленуі;
- сонымен бір мезгілде бұл – адамның иррационалды баста-
масы, оның еркінің, оның ой-өрісінің, сана-сезімінің, қуаныш-
қайғысының, трансценденттік және субъективтік бастамаларының 
және қабілеттерінің иррационалдық негізі;
- барлық жеке субъектілер – әрқайсысы өзінің белгілі бір 
шамасына қарай өз бойына иррационалдылықты да, сондай-ақ 
жалпыға ортақты да сіңірушілер. Олардың эзотериялық бірлігі мен 
әлемнің эзотериялық бірлігі осында жатыр;
- эзотериялық бірліксіз, яғни жеке заттардың, объектілердің, 
және субъектілердің «бойындағы» жалпыға ортақтықсыз ешқандай 
– табиғи да, рухани да бірліктің болуы мүмкін емес. Сол арқылы 
жалпыға ортақтықтың, ерекшелік пен даралықтың имманенттік 
бірлігі пайда болады.
XVІІІ-XІX ғғ. өмір сүрген жыраулардың дүниетанымы түрі мен 
мазмұны бойынша шығыстың классикалық менталитетіне етене 
жақын. Бәрінен бұрын тұтастай қабылдау «архетипін» сақтауы және 
білдіруі арқылы, оның үстіне олар жоғары мәдениетті идеологиялық, 
этикалық және эстетикалық феноменге дейін дамытты.
Архаикалық санада әлемді түйсінудің барлығын білдіретін жап-
пай бүтіндік сыртқы әсердің ықпалынсыз, ішкі себептер арқылы 
иррационалдық өзін-өзі сезінуді білдіру және сонымен бір мезгілде 
мәдени, моральдық, саяси және басқа (емшілік культі, шаманизм, 
көріпкелдік және басқа культтер) қарым-қатынастарды бейнелеу 
болды.
Қазақ ойшылдары, жыраулары идеялық-образдық және поэти-
калық шығармашылығына тән құндылықтардың бірі олардың өз 
туындыларында дүниетанымның осындай «аса зор» мінсіз түрін сақ-
тай білгендігінде жатыр. Оның үстіне олар бұрынғы дәстүрлер рухын 
дамытып қана қоймай, оны қазақ халқының болашағына да бағыш-
талған мүлдем жаңа гуманистік, авторлық, жігерлі, ғибраттық, эти-
калық, идеологиялық және эстетикалық мазмұнымен толтыра білді.


 
157


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет