Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет230/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   297
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
«Қарсы жүрген адамың, 
Басын исе достық қыл, 
Жеңілсе дұшпан достық қыл, 
Аяққа салып баспаңдар» [6, 138 б.].
Жаудың өзі де адам баласы, қарсы тұрып, қарысып шайқасқанда 
дұшпаның болса да, жеңіліп мойынсұнған кезден бастап оған да 
достық мейірбандық көрсету – адамдық борышың. 
Ырыс қонудың, бақ дарудың өзі өзара үйлесімге байланысты, 
белгілі бір себептердің ұйыса келуімен жүзеге асады. Ағайын 
ынтымақты, бала пайдакүнем, адамы қырлы, малы түрлі т.с.с. 
белгілер бір адамның маңында көрінуі, оған бақ қонып қыдыр 
даруының нышаны. Ырыс бақ көшерде, ынтымақ ыдырап, адамы 
қырсыз болады деп, осыған мүлдем қарама-қайшы себептерді 
жинақтап айтады. Яғни ырыс, бақ, дәулет даритын, қонатын игілік 
болса, ол-дағы дүниедегі, жердегі себептермен тығыз ықпалдас. 
Басына іс түскен кезде тең құрбыңды табалап, таспа, өз басыңа да 
күн туарын ұмытпа, тоқтықта тәубаны ұмытпа деген мағынадағы 
үгіт насихат сөздері молынан кездеседі. 
ХІХ ғасырда өмір сүрген зар заман әдебиетінің көрнекті өкілі 
Шортанбай Қанайұлы (1818–1881) өз шығармашылығында замана 
жырын, хал күйін нақты бейнелеген соқталы тұлға. 
«Әр заманның болжалы келе жатыр жақындап», – деген 
Шортанбай жырларындағы эсхатологиялық сарын сол дәуірдегі 
ел мұңын жоқтаған әлеуметшіл ақын жыраулардың барлығында 
кездеседі. 
Жырау заманныңң тарылуын жақсының жаннан, жаманның 
малдан түңілуімен сипаттайды. Мынау заман қай заман деген 
сұрақты қойғанда, оның ащы жауабы азулы обырдың талауына түс-
кен бодан елдің зары болып төгіледі. Жырау үшін заман тарлығы іш-
кі еркіндіктен айырылу қаупімен ұштас адамның жанының рухани 
еркіндіктен айрылу қайғысымен, жаннан түңілуімен байланысты. 
Отарлаудың дұшпандық қаупі мал-мүлікті талап қана қоймайды, 
жанға, имандылыққа қол сұғады. Жақсының жаннан, жаманның 
малдан түңілуін заман тарлығының сипаты ретінде көрсеткендігінің 
сыры неде десек, жырау жан мәңгілік, бақилық ұғым болғандықтан, 
жанның талпынысы хақиқат деп біледі, сондықтан да жанның мәңгі 
бақытқа немесе керісінше, мәңгі бақытсыздыққа ұшырау қаупінен 
торығады. Тәуелсіз мемлекет егемен қоғам өз мүшелерінің рухани 
еркіндігіне мүмкіндік беретіндігімен құнды. Елдің бодандық 
құрсауына түсумен бірге, ердің имандылық құндылықтары мансұқ-


234 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет