Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақтың халық философиясының



Pdf көрінісі
бет226/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   297
III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
«Бір жігіт бар – құр жан, Бір жігіт бар – тірі жан, Бір жігіт бар – 
жігіт жан» [6, 120 б.] деген жыр жолдарында адамның мәні жанмен 
дегендей, жан сөзіне екпін түсіре сөйлеп, жігіттің жақсы-жаманын 
осыған қарап ажыратуы ерекше назар аударарлық. Құр жан деп 
отырғаны кеудесін сүйреп жүруге ғана жарайтын санда бар да 
санатта жоқ, біреуге масыл, тоғышар адам. Ал тірі жан дейтіні бар 
тапқанын киім мен асқа салатын, досын жатқа сататын, сыртын 
түзеп, ішін күзетпеген адам. Ол ақылын айлаға жалғап, нәпсінің 
қажетін ғана іздейтін, пысықтығы пасықтықпен ұштас, жанның түп 
мақсатын іздемеген, жанның уақытша мекені тән қамымен кеткен 
адам. Ал жігіт жан «сегіз қырлы бір сырлы» деп қысқа қайырып 
қойған қанатты сөзі сан ғасырлар бойы жігіттің сыны ретінде халық 
көкейінде өмір сүруінің өзіндік сыры бар. Бұл сөздің иесі Шал 
ақын ғана деп ұғу міндет емес, бұл халық көкейінде өмір сүретін 
хикмет-даналық. Бұл таухит талапты көкейінде орнықтырған, ниет 
тілегін Бір және Барға бұрып, Хақтың бірлігі мен барлығын тануға 
ұмтылған адамның сипаты. Таухит талапқа берік бола тұрып
көппен үйлесімде өмір сүруі, қоғамның қызметінде белсене араласу 
ердің ерінің ғана қолынан келер іс. «Көптің ішінде жалғыз». Яғни хақ 
бірлігі мен барлығын, өзінің менінің онымен тұтастығын түйсініп, 
ішкі еркіндігіне жетіп, хақ алдында өзінің өз ісіне жеке жауап берерін 
түсінген дара тұлға көптен оқшауланбай, қоғамды жатсынбай, 
үйлесімде өмір сүруге тиісті. Ондай ердің сыры тереңдеген сайын 
қыры да қырналана түсуі хақ. 
Ол амал істеуге ниетін түзеуге міндетті, ісінің нәтижесін 
Құдайдан күтеді. Адамды қанағатшылдыққа үндеген тауфиқтан 
айырылмауға шақырған ақын «мың жылқылы байлардан несі кейін 
оразасын үйінен ашқан кісі» дейді. 
Қайғыдағы адамды жұбату, оның қайғысын бөлісу қазақ дәстүрлі 
қоғамында тамырын үзбей келе жатқан салт. «Біреудің кісісі өлсе
қайғылы – ол» деген берідегі Абайдың қазаға сабыр ету туралы өзін-
өзі, өзгені жұбату үшін философиялық толғау тұрғысында жазылған 
өлеңдері бар. Тас түскен жеріне ауыр дегендей, басына қайғы түсіп, 
қазалы болған күйзелістегі адамды жұбатып, өлмек артынан өлу жоқ 
екендігін көкейіне қондырып, қайғысын бөлісу, көңілін серпілтіп, 
жұбату жыраулар дәстүрінде молынан кездеседі. Қандай да бір 
заманауи ықпал әсерлерге қарамастан, халықтың өмір салтында 
діннің көптеген ритуалдық тұстары көмескіленгенде де мейлінше 
нық орныққан, айқын сақталған дәстүр жоралғылар бұл адамның 
дүниеге келуі мен дүниеден өтуіне байланысты жоралғылар. Қазақ 
халқы дін жоралғыларын оның ішінде жаназа мен жерлеу салтын 


230 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет