III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
«Шариғат шапаны» деп Ясауидің діни білімді тұспалдайтын
тұстары бар. Адам имандылық білімді меңгерсе, мағрифат іліміне
бойласа, оның өз ішкі сырлы әлемінен ақиқат ілімді хикметті табары
хақ, сондай-ақ сол ілімнің өзін қорғап ұстап тұратын діннің сыртқы
канондық формалары бар. Сол канондарға тән ғибадаттардың
бұлжытпай орындалар шарттары бар, ол шариғат шарттары ретінде
белгіленген. Яғни адамның бұл дүниеде шариғат шарттарын заң
ретінде мойындап, парыз ретінде орындауы мұсылмандығының
кепілі және шарты. Сондай-ақ дүниеден өткенде о дүниелік болған
соң, сол құлшылық ғибадаттар ақыреттің қиындығынан, ыстығы
мен суығынан сақтар, абыройын жауып, күнәларын жасырар киімі
сияқты қызмет атқарады деп білген. «Ақырет киімін сайлау» – бұл
дүниеде мұсылман парызын орнына келтіруі. Бұл дүниеден өткенде
жаназа намазы оқылып, салт-жоралғыға сай жерленудің өзіне аса
маңыз берілгендігінің бір себебі: сол ақыретте осы жоралғылардың
шариғатқа сай орындалуы о дүниеге өткен адамға қабірде қорғаныш
болады деп сенген. Сондықтан туысқандары салт-дәстүрді ықылас-
пейілмен орындаған. Жалаңаш кеп, жалаңаш кетуі, «тесілген төрт
қары бөз» денесін жабуы адамның әлсіздігін айқындайды. Бай
болсын, бағлан болсын, батыр болсын, дана болсын, бала болсын
барлығы хақ жаратушы алдында аса әлсіз, оның әділіне сәйкес келе
алмастай жалаңаш, фазылының жанында ғана оның тағат-ғибадат,
құлшылығының пана болар беделі бар. Сондықтан ақырет киімі
қауіп пен үміттің, адам әлсіздігін мойындауының ишарасы. Ясауи
бабамыз «қиямет күн көзім соқыр, жалаңашпын» деуі соған меңзейді.
Дүние әлем ақиқатты танытатын белгі аяттар болуымен қатар
адамның ақиқатқа бағытталар батини көзіне перде болып, шел
болып жабады. «Дүниеге қызығамыз несін біліп. Аз күнгі қызығына
есерленіп» – дегенде осы дүниенің жақсы-жаман қырларын ажырата
қарау керек екенін ескертеді.
Адамның – ер жігіттің тіршілік сәнін келтірер ақ неке, адал жар.
Ер жігіттің үш намысы болса, біріншісі, иманын қорғау, екіншісі,
ақ некелі жарын, отбасын қорғау, ал үшіншісі, Отанын, туған жерін
қорғау. Неке иманның жартысы деген сөз бар. Неке иманның
жартысы болар, себеп: некедегі адам зинақорлықтан сақтанып,
нәпсіге тойтарыс беруі, имандылықтың кепілі, сонымен қатар өзінің
негізгі дұшпаны ретінде өз нәпсісін танып, ар-ұждан тазалығы үшін
күрес – ең маңызды намыс. «Жігіттің алған жары жақсы болса,
иманыңнан басқадан жақын деген» жақсы әйелдің ерін құрметтер
жақсы қасиеттерімен қатар азаматтың ерлік тұлғасын толықтырар
негізгі байлықтың бірі ақ жаулық деген ұғым-түсінік халық
232
Достарыңызбен бөлісу: |