Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
талып, рухани кемелдену мүмкіндігі шектеледі. Жақсының қайғысы
– жан, яғни рухани құлдық, тәуелділікке ұрыну жыраудың да басты
қаупі. Бірінші қайғысы мал болған қоғам мүшелері үшін де мемлекет
іргесінің бүтіндігі мал-мүлкі мен ырыс-берекесі артуының кепілі.
Бодандықпен бірге жері талауға, малы айдауға түсіп, жалпы
бұқара қауымның да тұрмыс дәрежесі нашарлайтыны да шындық.
Жыраудың бодандық зардабы жалпы қауымға келген нәубет деп
біліп, сонымен қатар жан қайғысын ойлау жақсының сипаты, мал
қайғысын жоқтау жаманның сипаты ретінде ашуы ерекше назар
аударарлық. Заман тарлығының тағы бір белгісі. «Мұсылманнан хал
кетті» дейді. «Хал кету» мұсылмандардың әлсіреуі деп қана түсінсек,
үстірт қана ұғынамыз. Ясауи мұраларында айрықша ден қойылатын
хал ілімін сөз етіп отыр. «Қал ғылымын алайық, хал іліміне жетейік»,
«Хал болмаса, қал ілімінің бір харі (ноқаты) де пайда бермес» дегенде
Әзірет Сұлтан ислам дінінің ішкі эзотерикалық мәніне мұсылманмын
деген адамның өзінің ішін мәнге толтырып, жанға пайда табуына зор
маңыз береді.
«Дін пұсырман болмаса, тіл пұсырман жол емес» деген Бұқар-
мен үндес Шортанбай да дінді білім ретінде ғана игеріп қоймай,
ілімге амалын сай қылып, өмірінің мәніне айналдыруға шақырады.
Хаққа ғашық адамның сипаты қал ілімін меңгеру ғана емес, хал
ілімін иелену. Мұсылмандықтың белгісі адамның сөзінен, сыртқы
пішінінен, шариғат шарттарына сай тағат-ғибадатты, ғұрып-
жораларды орындаудан ғана көрінбейді. Адам өзінің ішін мәнге
толтыруы, ақиқатқа сай өмір сүруі тиіс. Жақсылыққа, ізгілікке,
имандылыққа, адамгершілікке сөзбен ғана шақырмай, өзінің ниеті
де, іс-әрекеті де, ішкі хәлі, көңіл-күйі осыған сай келуі керек.
«Заман азды, заманның ұлығы азды, байы азды, атасы мен баласы
азды – мұның бәрі ақырзаман нышаны деу ескіден, ХІІ ғасырда
тіршілік еткен Қожа Ахмет Ясауиден қалған сарын» [10, 34 б.] деп
жазды Әуезов және басқа ғалымдар да осы пікірді қолдады. Бұдан
олардың зар заман ақындары мен осынау қазақ даласына өзінің
рухани ықпалын ғасырлар бойы сақтаған Әзірет Сұлтан арасындағы
сабақтастықты айқын аңғарғанын көреміз.
Мұның өзі зар заман дей отырып, Шортанбай заман зарлығының
белгісі халық басына төнген нәубет күндестік, күштінің зорлығы,
орыстың озбырлығы дейді. Заманның зары ұлғайып, заман тарылуын
ақырзаман таянуының белгісі деп біледі. Халық басына төнген
нәубетке қазақтың өзі кінәлі дейді. «Тәубасы қабыл бір жан жоқ
қазақ деген халықтан», қазақтың тәубасы қабыл болса, қайғының
қара бұлты арылар еді. Тәуба қабыл болуы үшін адам тәубасына сай
235
Достарыңызбен бөлісу: |