І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық
бірегейленудің философиялық негіздері
тартты. Адамға жамандық жасасаң, алдыңнан шығадының кері келді»
деп, кеселді қылықты сынға алады [4, 185 б.]. Туындысындағы көрініс
тапқан зұлымдық атаулы сол күйінде авторлық санамен сараланып,
оның ішкі әлемінен хабар береді. «Қайырымдылыққа жол сілтеген
адам – жасампазбен бірдей бағаланады» дейді ол, ар-ождан мәселесін
сөз еткен тұста [4, 359 б.]. Бабыр осылайша келер ұрпақтың жүрегін
оятып, оларды озат мақсат-мұраттарға тартуға ұмтылады.
Қорыта айтқанда «Бабыр-наме» – шын мағынасындағы
энциклопедиялық шығарма. Мұнда ғылымның сан түрлі салалары
жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Қазақ халқының азаматтық
тарихына, этнографиясына қатысты материалдар Бабырдың осы
еңбегінде мейлінше көп жинақталған.Орта Азия мен Үнді елінде
ХV ғасырдың соңы мен ХVІ ғасырдың бас кезінде болған тарихи
оқиғаларды, сол кездегі феодалдық қарым-қатынасты дәл осы
кітаптағыдай толық ашып көрсететін бірде-бір тарихи жәдігер жоқ.
Захир ад-дин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнама» мұрасы оқырманды
рухани-эстетикалық ләззатқа бөлеп, таным-түсінігін кеңейтетін
және дүрбелең кезеңді тарихи аяда көркем бейнелеумен қатар,
адамгершілік құндылықтарды өнеге етіп, имандылыққа шақыратын
тағылымды туынды.
Әдебиеттер
1 Дж. Неру. Открытие Индии. – М., 1955. – 272 с.
2 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 264 б.
3 Бабур З.М. Избранная лирика Востока, – Ташкент,
Гл. ред. «Шарк»,
2006.
4 Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр. Бабырнама (Б.А. Қожабеков ауд.). –
Алматы: Ататек, 1993. – 448 б.
5 Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері.
(Түс көру, бейвербалды ишараттар, заттық әлемі) – Алматы: Алаш, 2003. –
328 б.
6 Хаккулов И.Ч. Рубаи в узбекской классической литературе. Поэтика и
история жанра. – Ташкент: АКД, 1975. – 387 с.
7 Ғабитов Т.Х. «Бабырнама» және тарих философиясындағы түркілік
үрдістер // Қазақтың тарих философиясы, 6-том. – Астана: Аударма, 2006. –
512 б.
|