Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философиялық сөздік. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996



бет102/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Философиялық сөздік. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996.


БИОЭТИКА – биологиядағы этикалық мәселелерді қарастыратын ғылым. Адам ғұмырын ұзарту, жасанды адамдарды өмірге келтіру және бейімдеу, талантты тұлғаларды генетикалық тәсілдермен сұрыптау, тұқым қуалайтын сырқаттармен күрес, адам ағзаларын дәрігерлік мақсаттарға пайдалану және т. б. қазіргі заманның өзекті мәселелеріне айналып отыр. Б-лық зерттеулерде моральдік қасиеттер бүкіл тіршілікті қамтитын эволю- ция арқылы сарапталады, оның алға жылжуына септігін тигізетіні – оң құндылыққа, қарсы әрекет ететіні теріс құндылыққа жатады. Б. эволюция- лық этика, экологиялық этика, әлеуметтік биология сияқты ағымдармен қатар дамыды. Б-ның дамуына үлес қосқан ғалымдар: Г. Спенсер, Тейяр де Шарден, К. Уоддингтон, Д. Козловский және т. б. Б-лық мәселелер қазіргі ғаламдық парадигмалармен тығыз байланысты.


БИХЕВИОРИ́ЗМ – (ағылш. Behaviour) – психологиядағы адамның өзін- өзі ұстау тәртібін түсіндіретін бағыт. Бұл терминді алғаш 1913 жылы Американдық зерттеуші Джон Уотсон қолданған болатын. Бихевиористер- дің пайымдауынша зерттеу жұмыстарында зерттеу пәні адам мен жануар- дың санасы емес, олардың тәртібі болуы тиіс.
Әдебиет: Философиялык энциклопедиялык сөздік. – М., 1983.


БОДРИЙАР Жан (1929 ж.т.) – француз эстетигі, мәдениеттанушы және әлеуметтанушы. «Постмодерндік сахнаның магі, гуруы, меланхолик


138

Ницше» сияқты теңеулерге ие болған. Постструктуралистік және пост- фрейдистік «Париж мектебінің» теоретиктеріне жақын ұстанымда болған. АҚШ-тағы осы ағымның көркем тәжірибесіне теориялық талдау берген. Б. өзінің алғашқы еңбектерінде заттар мен «тұтынушы қоғам» құндылық- тарына әлеум.-психологиялық талдау береді. Солшыл радикалдық рухта Б. күнделікті өмірдегі зат-таңбаның үстемдігін, оның тұлғадан жоғары тұрғанын сынайды. Ол заттарды: функционалдық (тұтынушы игіліктер), функционалдық емес (антиквариат, көркем коллекциялар) және метафунк- ционалдық (ойыншықтар, роботтар) деп бөледі және соңғыларын болашақ ұрпақ таңдайды дейді. 80 жылдардан бастап Б. симулякр (табиғилық пен мәдениет жетімсіздігінің куәгері) ұғымын жиі қолданады. Заттық ортаның нарциссизмі жоғалған қуаттың симулякрына айналады. Зат реалдылығы принципі бұзылады, оның орнын фетиш, түс көру, жоба (хэппенинг, қарау- шы және концептуалдық өнер) ауыстырады. Адам өзіне жетіспейтінді затқа таңа береді, тойымдылық жоқ жағдайда мәдениет таңбалық түпсіз тұңғиықпен алмастырылады. Классикалық өнердің түп-қазығын әсемді- лік, білімділік, құндылықтар иерархиясы, субъектілік құрастырса, пост- модерндікте жасанды артефактылар алдыңғы қатарға шығады. Оның орта- лығында субъект емес, объект тұр. Қалыптасқан жағдайда да дейді Б., стратегия таңдау қажеттілігі пайда болды. Үш түрлі стратегия бар. Кәдімгі бағдар – ақылды субъектінің объектіде билік жүргізуге ұмтылуы өткен шақта қалды. Мысқылшыл позиция субъектінің объектіден ой арқылы жоғары тұруына негізделген, ол жасанды, ирреальды болып табылады. Тек объектінің мәжбүрсіз ойын ережелерін қабылдаған фатальдық стратегия ұтымды болып шығады.


Б-дың мәдени концепциясы симуляционизм (Х. Стайнбах, Д. Кунс) мен феминизмнің (С. Шерман, Ш. Левин, Б. Крюгер) көркем тәжірибесіне үлкен әсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет