Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет122/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   401
treatise187525

ГЕДОНИЗМ (грек. hedone – көңілділік, рақаттану) – Кирен фило- софиялық мектебі (б.з.д. ІV ғ.) мен Эпикурдың (б.з.д. 341–270) дамытқан этикалық ілімі. Г. эвдемонизмнің бір тармағына жатады және ләззат алуды (негізінен сезімдік) тіршіліктің бастауы мен өмір мағынасы деп жария- лайды. Жақсы игілік рақаттануға жеткізеді, жамандық қайғы-қасірет әкеледі. Г-нің салыстырмалы толық ілімін Сократ шәкірті Аристипп қалыптастыр- ған. Эпикурейшілдікте Г. принципі сезімдік ләззаттардан рухтың тыныш- тығына (атараксия) және қасіреттен құтылу жолдарын іздеуге көбірек бағытталған. Қайта Өрлеу мәдениетінде Г-тік бастаулар адам құдіреттілігіне қатысты қарастырылады., Жаңа заманда моральдік Г. тұрғысынан пайым- даулармен философ-ағартушылар және жазушылар әуестенген (мыс., ХІХ ғ. ағылшын әдебиетінің классигі Оскар Уайльдтің «Дориан Грейдің портреті»). Қазіргі философиялық дәстүрде (Сантаяна, Дрейк) Г. индиви- дуализмді дәріптеумен байланысты.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.


ГЕЛЬВЕЦИЙ Клод Андриан (31.1.1715, Франция, Париж – 26.12.1771, сонда) – француз философы. Гельвеций философиясына Локктың таным теориясы негіз болды. Гельвецийдің айтуы бойынша, дүние түйсік арқылы танылады. Ол есте сақтауды танымның екінші құралы деп санады, оған
«ұзаққа созылатын, бірақ әлсіз түйсік» деп анықтама берді. Ойлауды түйсіктің араласу нәтижесі ретінде түсіндірді. Адамның ақыл-ойы, оның қабілетінің әртүрлі болуы тумысынан болады деген көзқарастың негізсіз екендігін дәлелдеуге талпынып, оның түрліше болуы қоғамдық тәртіпке,


164

тәрбиеге байланысты; тек тәрбие арқылы адам қабілетті болады, адамның мінез-құлқын жөндеуді мемл. заңдарды өзгертуден бастау керек; адам



  • өзін қоршаған орта мен тәрбиенің нәтижесі деген қортындыға келген. Гельвеций – этикада ақылды эгоизм теориясының негізін салушы. Бұл теория бойынша, адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттері олардың жеке мүдделерімен айқындалады. 1758 ж. Гельвецийдің діни тәртіпке қарсы бағытталған «Ақыл жөнінде» деген кітабы шықты. Өкімет орындары бұл кітаптың таралуына тыйым салып, оны өртеп жіберді. Бұл кітаптағы ойын кеңейте түсіп ол «Адам жөнінде» деген атақты кітабын жазды. Бірақ бұл кітабы өзі дүние салған соң, 1773 ж. жарық көрді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет