Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет120/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   401
treatise187525

ГАССЕНДИ (Gassendi) Пьер (22.01.1592, Шантерсье, – 24.10.1655, Париж), франц. философы. Экс-ан-Прованса коллежінің философия профессоры, 1623 жылы иезуиттер философиялық көзқарастары үшін колледжден шеттетті. 1626 жылдан Диндегі собордың канонигі, кейін шырақшысы болды. Г. сондай-ақ астроном. және матем. зерттеулермен айналысты. 1645 ж. Г. Парижге қоныс аударады және Корольдік колледжде математика профессоры болып қызмет атқарады. Парижде Ф. Бэконмен, Т. Гоббспен, Г. Гроциймен, Т. Кампанелламен кездесті.
Г. алғашқы философиялық еңбегі – «Аристотеликтерге қарсы пара- доксальды жаттығулар» (1624 ж. жасырын атпен жарық көрді, орыс тіл. 1968 ауд.) – схоластикалық псевдоаристотелизмге қарсы памфлет. Г. фило- софияны ғылыми негізде жасақтауды міндет етті және оны жаратылыс- танумен сәйкестікке келтірілген Эпикурдың атомистік материализмінен аңғарды. Г. негізгі философиялық еңбектері – «Философия жиынтығы» (орысша ауд. 1966 ж.) «Эпикур философиясының жиынтығы» (орысша ауд. 1966 ж.) – тек 1658 ж. өзі қайтыс болғаннан кейін жарық көрді.


160

«Философия жиынтығы», «Логика», «Физика» және «Этика» деп аталатын үш бөлімнен тұрады. «Логика» Логикада Г. гносеологиялық ілімінің негізі болып табылатын материалистік сенсуализм принципін ұстанады.


«Физикада» өздігінен қозғалатын көптүрлі атомдардан тұратын дүниенің материалдық бірлігін қолдайды. «Этикада» эпикуризмді басшылыққа алып, бақытты ең жоғарғы игілік ретінде қарастырады, игіліктің белгісі болып табылатын «парасаттылыққа» негізделген бақыт пен азаматтық ізгіліктердің ажырамастығын дәріптейді. Г. философиясына екі ұшты ақиқат ілімінің өзіндік формасы тән болды. Г. сәйкес ақиқат екі түрлі нұр бастаулары – дәлелдеу мен аян арқылы аңғарылады, олардың алғашқысы табиғи құбылыстарды айқындайтын тәжірибе мен ақылға, екіншісі тыл- сым құбылыстарды білдіретін құдайылық беделге негізделген.


ГВАРДИНИ Романо (1886–1968) – неміс католик философы және теолог. Адамның болмыстық негіздерін діни тұрғыдан түсіндірген. Ол батыстық мәдениеттану тұрғысынан мәдени-тарихи бірлестіктерге жік- теме берумен айналысқан. Ол тарихи-мәдени типтерді қалыптасқан хрис- тиандық дәстүрде антикаға, ортағасырларға және жаңа заманға бөледі. «Жа- ңа заманның ақыры» еңбегінде адамның тарихи заман мен өз болмысын сезінуі арқылы көрініс табатын әлем бейнелеріне суреттеме береді (қара- ңыз: әлем суреттері). Г. аталған еңбегінде батыстық мәдениеттің мемлекет пен құқыққа, білімге, еркіндік пен тұлға белсенділігіне, руханилық пен діни сенімге қатысты құндылықтарына жан-жақты сипаттама беруге ұмтылады. Г. бойынша, егер Құдай өз орнын жоғалтатын болса, онда адам да бағдары- нан айырылып қалады. Христиандық сенім, дейді ол, адамдық болмыстың қолайлы ахуалының кепілі болып табылады. Г. «мәдениет» ұғымының пайда болуын Жаңа заман ғылымының қалыптасуымен байланыстырады. Ғылым- ның дамуы нәтижесінде адам қуаттылығын арттыратын техника пайда болады. Бірақ техникаландырылған мәдениет адамның рухани болмысы- нан, сенімінен алшақтап кетеді. Г. шығарм. батыстық мәдени типті зерде- леуде құнды негіз болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет