Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Мәдени- философиялық энциклопедия. – Алматы: Раритет, 2007.
ГАРМОНИЯ, үйлесімділік – (грек. Harmonіa – сәйкестік, келісім, үн- дестік) – белгілі бір тұтастықтың бөліктері мен элементтерінің бірегейлігі, бірге әрекет етуі, өзара үндестігі. Адамдық сезім және мағыналықпен толықтырылған үйлесімділікті әсемдік деп атайды. Г. хаос, ретсіздік, жүйе- сіздік ұғымдарына қарсы бағытталған. Жалпы тіршілік пен адамзаттың қалыптасуын хаостан Г-ға өту деп бағалауға болады. Антикалық мәдениет- те Г. әлемдік әмбебапты дүние құрастырушы принцип түрінде қабылдана- ды. Натурфилософтар макроғарыш пен микроғарыштың (адамдық әлемнің) үйлесімдігін басты ұстанымға айналдырған. Платон бойынша, үйлесім- ділік ізгілік пен әсемдіктің негізгі белгісі болып табылады. Гераклит үйле- сімділік арқылы қарама-қарсылықтар бірігеді деген. Жалпы антикалық мәдениетте адам мен полис, тән мен жан, адам мен табиғат арасындағы Г-ны жоғары бағалау тән. Қайта өркендеу мәдениетінде Г. гуманизм аясында қарастырылды. Лейбниц бүкіл әлемге тән үйлесімділік туралы жазды. Қа- зіргі мәдениеттануда Г. принципі жалпы адамдық мәдениетті бейнелеуде кең қолданыс тауып отыр.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова. – Алматы, 2007. 158
ГАРТЛИ, Хартли (Hartley) Дейвид (30.08.1705, Армли, – 28.08.1757, Бат), ағылшын ойшылы, ассоциативті психологияның негізін салушы- лардың бірі. Священниктің ұлы, Кембриджде теологияны оқыған, кейін медициналық білім алып дәрігер болып қызмет еткен.
Г. адамның жүріс-тұрысын басқару үшін психикалық процестердің нақты заңдарын анықтауға талпынып, ол үшін Ньютон физикасының прин- циптерін қолдануға тырысты. Г. пайымдауына сәйкес сыртқы эфирдің сезім органдарында, мида, бұлшық еттерде осындай вибрацияларды тудырады. Ал бұлар қарапайым сезінуден бастап ойлау мен ырыққа дейінгі психика- лық құбылыстардың реті мен байланыстарына параллельді қатынаста бола- ды. Локк ілімін басшылыққа ала отырып, Г. алғашқы болып ассоциация механизмін психикалық әрекетті түсіндірудің әмбебапты принципіне айнал- дырды. Г. сәйкес адамның психикалық әлемі біртіндеп бастапқы элемент- тердің күрделенуі нәтижесінде қалыптасады. Дамудың қозғаушы күштері
– ләззат алу мен азап шегу. Жалпы ұғымдардың қалыптасуында Г. осылай түсіндіреді: олар өзгеріссіз қалатын ассоциациялардан барлық кездей- соқтық пен маңызды еместің ажыратылуы барысындағы жалқылардан қалыптасады; ой қорыту факторы болып табылатын сөз арқылы тұрақты белгілердің жиынтығы тұтастық ретінде сақталады.