Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Таным теориясы. – Астана: Аударма, 2006. Т. 18.
ЕШТЕҢЕ – қандай да бір сапаның, айқындылықтың, болмыстың жоқ- тығын белгілейтін онтологиялық категория. Мән, болмысты сыни онто- логия ұғымдарына қарама-қарсы ұғым ретінде. Е. философия тарихында бейболмыс ұғымымен сәйкестендіріледі. Кейде бұл ұғымдар сипаттамасы бір-бірінен ажыратылды. Бейболмыс болмыс ұғымын терістеуде ештеңе ұғы- мына қарағанда неғұрлым абстракттілі түрде түсіндіріледі. Е. категориясы ежелгі философияда онтологияның қалыптасуымен бірге пайда болды. Ежелгі грек философиясында ештеңе алғаш рет Демокриттің болмыс (атом) және бостық (ештеңе) туралы ілімінде дербес категория ретінде көрінеді. Е. көптіктің, қозғалыстың және өзгерістің болуының қажетті шарты ретінде қарастырылады. Софист Горгий ештеңені элейлік болмыстың сырт жағы ретінде түсіндіреді. Болмысқа (эйдостардың жиынтығы) қарама-қарсы бас- таудың бір белгісі ретінде Е. Платон мен Аристотельдің онтологиясында маңызды рөл атқарады. Платон мен Аристотель болмыс және ойлау тұрғы- сынан Е-ні бейболмыс ретінде, эйдостар бірлігі тұрғысынан – Е. өзге ретінде, сезімдік дүние заттарына қатысты қарағанда Е. материя ретінде түсіндіріледі. Е. – бұл таза мүмкіндік, пассивті (енжар) және тәуелді. Бұл сапаларды Е. әрбір нақты затқа береді. Платон дүниетанымында – Е-нің платоншылдықта ашылған негізгі мазмұны сақталады. Алайда, Е. мен зұлымдықтың сәйкестілігі ерекше атап көрсетіледі. Зұлымдық – бұл жақтың немесе болмыстың кемшіңдігі, ештеңенің болмысқа басып енуі. (Кейін бұл
240
идея христиандық теодицеяда қолданылды. Августин зұлымдыққа ешбір онтологиялық мәртебені берген жоқ).
Христиандық философияда Е. туралы антикалық түсінік құдайдың дүниені жоқтан жаратуы туралы догматты түсіндіру үшін қолданды. Е. категориясы апофатиялық дінтанушылар өкілдерінің ой-пікірлерінде елеулі орын алды. Олардың пікірінше Құдайға ойдың жақындауының бара-бар жолы айқындылықты дәйекті түрде алып тастау, осының нәтижесінде құдайдың бүкіл болмысы адам танымы үшін Е.-ге сәйкес болып шығады. («Ареопагитиктер» Иоанн Скот Эриугена; араб тілді философияда Ибн Рушд). Құдай және Е.-ні тікелей сәйкестендіру ортағасырлық философияда (Каббала; И. Экхарт және оның мұрасынан бастау алатын неміс мистик- терінің дәстүрі). Г. Гегель мистикалық дәстүрдің идеясын қолдана отырып, Е. ұғымын өз жүйесіне («Логика ғылымы») енгізді. Мұнда Е. өзіне қарама- қарсы – таза болмыспен сіңісіп кетеді.
А. Шопенгауэр, Ф. Ницше және А. Бергсон тіпті Е. ұғымының ақылға қонымдылығын теріске шығарады. ХХ ғасырда бір қатар ағымдар үшін (протестанттық ортодоксальды емес теология, православиелік діни фило- софия, экзистенциализм) Е. мәселесін қайта жандандыруға талпыныс тән.
ЖАҒДАЙ – заттың қоршаған орта құбылыстарымен өзара қатыс- Ж тылығын бейнелейтін философиялық категория. Әрбір зат қоршаған ортаның құбылыстарымен өзара байланыста ғана өмір сүреді. Заттың өзі
шартты болса, ал Ж. затқа сыртқы салыстырмалы объективті дүниенің алуан түрлілігі тәрізді көрінеді. Адам баласы табиғат заңдары мен құбылыстарын танып-білген соң өзінің тіршілігі мен іс-қимылы үшін қолайлы жағдай жасады. Өз кезегінде Ж. құбылыстар мен үдерістерге ықпал-әсер ете оты- рып, өзі де олардың ықпал-әсеріне душар болады. Адамзат қоғамының ма- териалдық және рухани өмірінің нақты жағдайында туындаған кез-келген Ж-дың өзі де түбірімен өзгеріске ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |