Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет198/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Александров П.С., Колмогоров А.Н. Введение в теорию множеств и теорию функций. – М.-Л., 1948. Ч. 1.; Хаусдорф Ф. Теория множеств, пер. С нем. – М.-Л., 1937; Нысанбаев Ә. Ғылым тарихы және философиясы. – Алматы, 2013.


ЖҰРТШЫЛЫҚ – бір-бірімен өзара тікелей қарым-қатынас жасамаса да, белгілі бір ортақ мүдде жолында біріккен, алайда ресми түрде ұйым- даспаған топ, көпшілік қауым. Қазақтың дәстүрлі түсінігінде кездесетін Ж. ұғымын, әлеумет және діни ұғымда қолданылатын жамиғат түсініктеріне синоним ретінде қарастыруға болады. Ол жалпы тобыр ұғымына сай келе бермейді. Көптің жүрген жерінде дау-дамай мен бас араздықтың қоса жү- ретінін білген Абай көптің сауатсыз билігін дұрыс көрмейді. Ретіне қарай ақылға, жөнге салынуы керек жетесіз, билікке көнбеген тобыр – ессіз қара күш. Ақын пікірінше, ақылсыз тобыр – есінен айрылып, басқаның жетегіне ергендер. Сондықтан, «көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел», – дейді.


ЖҮЙЕ – белгілі бір формада ретке келтірілген, бір-бірімен өзара байланысқан және белгілі бір бүтінді құрайтын элементтердің тұтастығын


259


білдіретін философиялық категория. Элементтер арасындағы қатынас Ж-нің құрылымын құрайды. Этимологиялық тұрғыда Ж. ұғымы бүтіннің құраушысы, ассамблея дегенді білдіреді. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылым мен техниканың өзіндік ерекшеліктерінің бірі жүйелік зерттеу, жүйелік тұрғыдан келу және жалпы жүйелік теория туралы идеяның жаппай таралуы болып табылады. Ж. ұғымы зерттеу объектісін тұтастық тұрғысынан қарастыруды талап етеді. Зерттеу объектісінің шамадан тыс кеңдігі және соған орай анықтамалардың көп болуы Ж.-ге берілетін сипат- таманы жинақтап, ықшамдауды талап етеді. Сондықтан оның кейбір эле- менттерін және олардың арасындағы өзара байланыстың кей тұстарын біріктіруге қажеттілік байқалады. Мұндай көзқарас әдебиеттерде кеңінен орын алған. Ж. ұғымы кей жағдайларда құрылым ұғымына теңестіріледі. Басқа әдебиеттерде Ж. мен құрылым ұғымының ара жігін ажыратуға ұмтылыс байқалады. Жалпы Ж-лік теорияның негізгі ұғымдарына мыналар жатқызылады: «тұтастық», «элемент», «құрылым», «байланыс» және т. б. Тұтастық өзінің бүтіндік қасиеттерін өз құраушы элементтерімен теңес- тірмейді және құраушы элементтерді тұтастық тұрғыдан талдауды қала- майды. Мұндай көзқарас, әсіресе, гештальтпсихологияда кең тараған. Алайда Ж. элементі өзіндік болмысы тұрғысында тым күрделі құрылым, Ж. тұрғысынан алғанда ол әрі қарай жіктелмейді, яғни бөлінбейді. Ж. элементі бірқатар қасиеттерге ие және басқа элементтермен қандайда бір қатынасқа түседі. Ж. құрылымына реттілік, ұйымдастырылу, құрылғылық тән, бұны элементтер арасындағы өзара қарым-қатынас сипаты талап етеді. Ж-лік тек элементтер арасындағы өзара қатынастан ғана емес, сыртқы ортамен де қарым-қатынасы арқылы да көрініп отырады. Таңдап алынған өлшемдер бойынша Ж.-ге жіктеме жасауға болады. Құраушы элементтерінің табиғатына қарай, материалдық және идеалдық Ж. деп жіктеуге болады. Материалдық Ж. – ол белгілі бір дәрежеде өзара қатынаста болатын материалдық элементтерден тұратын Ж. Материалдық Ж. салыс- тырмалы қарапайым және салыстырмалы күрделі болады. Біршама қара- пайым Ж. тікелей өзара ықпал жасап отыратын салыстырмалы біртекті элементтерден тұрады. Біршама күрделі Ж. элементтері кіші жүйелерге топталады әрі олар қандайда бір бүтін ретінде өзара қатынасқа түседі. Идеалды Ж. – ол элементтері белгілі бір өзара қатынаста және идеалдық сипатта болатын – ұғымдар немесе идеялар. Идеалды Ж-ге, мысалы, кез- келген ғылымның ұғымдар жүйесі жатады. Материалдық Ж-ге қарағанда, идеалдық Ж. тек адамның таным әрекетінің негізінде ғана пайда болады. Әдебиеттерде, сонымен қатар, статикалық және динамикалық Ж. атап көрсетіледі. Статикалық Ж. әртүрлі өзгерістерге салыстырмалы берік, біршама тұрақты, ішкі тепе-теңдігі сақталған болып келеді. Оның беріктігі мен ішкі тепе-теңдігі белгілі бір уақыт аралығында өз қалпын сақтап қалуы


260

арқылы көрініп отырады. Динамикалық Ж. құрылымы уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Сыртқы ортамен қатынасының сипатына қарай ашық және жабық Ж. болып бөлінеді. Жабық Ж. сыртқы ортадан оқшауланған болып келеді. Барлық статикалық Ж. жабық Ж. болып табылады, бірақ олар өздеріндегі динамикалық өзгерістерді жоққа шығара алмайды. Термодинамиканың екінші заңы бойынша оқшауланған физикалық Ж-нің тұрақты зат алмасу және энергияны сақтау қабілеті уақыт өте әлсірейді, осының нәтижесінде энергия қоры жойылады да энтропиялық (ішкі ретсіздік) жағдайы жоғарылайды. Ж.-гі ішкі айырмашылықтар жойылады. Термодинамиканың екінші заңы біртекті келешек жөнінде пессимистік болжау жасайды. Ашық Ж. сыртқы ортамен тұрақты зат алмасуымен және энергия алмасуымен сипатталады. Биологиялық орта осының мысалы бола алады. Мұндай ашық Ж. метоболизм және сыртқы ортамен тұрақты зат ал- масудың арқасында энергияның тұрақтануынан арылып отырады. Барлық ашық Ж. өзінің өздігінен реттеле алу және ішкі тұрақтала алу қабілетімен ерекшеленеді, оның себебі онда бақылау үдерісі іске қосылып отырады. Екінші қатардағы кибернетиканың дамуына байланысты аутопойетикалық Ж. шығуы байқалады. Аутопойесис тірі жүйенің сыртқы ортамен қарым- қатынасындағы автономдық қабілетін көрсетеді. Мұндай Ж. өзінің тұрақты өзгере алу қабілетімен сипатталады. Әдетте мұндай Ж. тек сол жүйенің ішкі құрылымы талап еткен функцияны ғана атқарады, оларды өзін- өзі түсіндіре алатын Ж. деп атайды. Бұған кереғар аллопойетикалық Ж-ні атап көрсетеді, оның функционалды қызметі сыртқы себептермен анықталады. Термодинамиканың екінші заңына ерекше түсіндірме жасаған И. Пригожин болды. Оның пікірі бойынша, Ж-дегі қайтарымсыз жағдайлар мен үдерістер ондағы реттілік көзі болып табылады. Тепе-теңсіздік орнаған жағдайда ретсіздіктен, хаостан реттілікке ауысуға болады деп мойындалады. Сол Ж-нің қоршаған ортамен өзара ықпалын бейнелейтін материяның жаңа динамикалық қалпы пайда болуы мүмкін. Бұл жаңа құрылымды Пригожин диссипативтік (ауыспалы) құрылым деп атады, өйткені олардың тұрақтылығы энергия мен заттардың диссипациясына (ауыспалылығына) байланысты болды. Әркелкі динамика және синергетика теориясы Ж. эволюциясының жаңа парадигмасын жасады. Бұл парадигма энергияның энтропияға прогрессивті өтуінің термодинамикалық принципін қайта қарастырды. Бұл парадигма бойынша, Ж-дегі реттілік, тепе-теңдік және тұрақтылыққа үнемі динамикалық теңсіздік процестер арқылы қол жеткізіледі.




ЖҮРЕК – адам мен жануарларға тән қан айналу жүйесінің ортақ ағзасы; қанды ұсақ тамырларға айдайды және оның күре тамырға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық


261

құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) Ж. арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда Ж. дененің кеуде қуысында орналасқан. Қазақ дүниетанымында Ж. тек қан айналдыру емес, сонымен бірге сезім, сезімдік таным мүшесі ретінде де қарастырылады. «Ж-іммен сездім», «Ж-ім сезді» деген сөз тіркестері жиі қолданылады. Ұлы Абай «Ж-іңнің түбіне терең бойла» – деп атүсті шешімдер шығарудан сақтандырып, айтылатын ойдың терең мағыналы болуына меңзейді.




ЖЫРАУ – қазақ дәстүрлі поэзиясының басты өкілі, топ алдында сөз сөйлеуші, қобыз, домбырамен сүйемелдеп жыр шығарушы ерен тұлға, хан мен билердің ақылгөйі, хан ордасындағы халық жаршысы. Бізге белгілі Ж-лар поэзиясы қазақ пен ноғай айырылысқан заманнан бері пайда болып, ХІХ ғ. Махамбет және Зар Заман өкілдерінің шығармашылығында шарықтау шегіне жетеді. Ж-лар поэзиясын грек антикасындағы эпикалық дәстүрмен, Еуропадағы ортағасырлық рыцарьлық әдебиеттің құбылысымен салыстыруға болады. Айырмашылығы, біздегі Ж-лар поэзиясы авторлық поэзия және таза жыр-дастан поэзиясы емес, дәстүрлі танымдағы лирика. Егер рыцарьлық нұсқасындағы ақындар әйел, ханым бейнесін дәріптесе, Ж-лар асқақ елсүйгіш сезімін романтикалық дәрежеге, имани ұстаным деңгейіне көтерген. Ж-лар сөзсаптауының поэтикасына келсек, олардың жырлары көбінесе жеті-сегіз буындық, толғау түрінде келеді. Оның осы- лайша атануы да тегін емес, себебі Ж-лар өлеңі адуынды шабыт, еріксіз тол- қу арқылы келеді. Сондықтан оларда медиативтік, ойға тура шығу бағыты басым. Ж-лық поэзиясының бейнелік құрылысына келсек, жыраулар бір маңызды ойға негізделген құбылыстарды тізіп, ойын жұмбақтау арқылы, ең соңғы жолдарда ғана тақырыбының шешімін ашып береді. Ж-лық поэзия көшпенділер тіршілігінің жағдайында сахнасыз театр, риторика, софистика, дәстүрлі өмір философиясы қызметін атқарған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет