Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2005. Т. 12



бет199/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2005. Т. 12.


ЖІГЕРбатылдық, тапқырлық. Жасқаншақтықтың, толқудың, орнық- сыздықтың болмауы. Қазақ ұғымында Ж-лі адам деп, – қайратты, өзінің алған бетінен қайтпайтын, көздеген мақсатына жетпей тоқтамайтын, ерік күші, рухани болмысы мықты адамдарды айтады. Ж-лі болудың негізі рух- тың мықтылығымен, сенімнің тереңдігімен астасып жатады. Сондықтан Ж. адами болмысты жетілдіруге қажетті қасиеттердің бірі.


ЖІКТЕЛУ – белгiлi бiр ұстындар негізінде ғылымдaр aрaсындaғы өз- aрa iшкi бaйлaнысты aшу және оның логикaлық жaғынaн негiзделгенiн көрсе-


262


ту. Ғылым тарихында ғылымдaрғa әртүрлi Ж. берiлiп келдi. Мыс., ежелгi грек философы Аристотель ғылымдaрды үшке бөлген: теориялық философия (логика, аналитика, физика, математика, метафизика), практикалық фило- софия (этика, политика, экономика) және шығармашылық философия (поэтика, риторика, өнер). Ал Сен-Симон объективтiк ұстынға негiзделген (математика, астрономия, физика, химия, физиология) Ж. ұсынды. Оның шәкiртi Огюст Конт бұл Ж-ді одан әрi айқындай түстi және социологияны өз алдына ғылым етiп бөлдi. Жаңа диалект. Ж-ның алғышарты Гегельдiң
«Табиғат философиясы» мен «Философиялық пропедевтикасында» коорди- нация ұстыны субординация немесе даму ұстынына ауыстырылды. Ол бүкiл ғылымды үшке («механизм», «химизм», «организм) бөлді. Қазіргі ғылымдарды Ж. ұстындары: ғыл.-зерт. пәніне байланысты объективтік ұстын, адамның практикалық және танымдық қызметінің табиғатына сәйкес субъективтік ұстын, субординация немесе даму ұстыны, құрылымдық ұстын, формальдық координация ұстыны, мазмұндық ұстын деп бөлді. Ж. – әрбір тарихи дәуірде пайда болатын, сарқылмайтын мәңгілік мәселе. Ғылым- дарды маркстік Ж.-дің олар зерттейтін пәндерді айқындау және ғылым-ның жаңа саясатын болжау, кітапханалық іс, ғыл.-зерт. ин-ттарының жоғары оқу орындары құрылымын және халық ш-ның перспективалық салаларын анықтау, сондай-ақ теориялық зерттеулерді практикасымен, ғылымды өндіріспен ұштастырудың жаңа формаларын табу үшін маңызы зор.
Ж. (логикада) – белгілі бір ұстын негізінде жіктелетін кластар немесе топтар арасындағы ішкі және қажетті байланыстарды ашатын, білімнің белгілі бір саласын логикалық жүйеге келтіретін логикалық операция. Ж. негізіне формальдық және диалект. ұстындар жатады. Осыған байланысты формальдық логикадағы Ж. формальдық, ал диалект. логикадағы Ж. мазмұндық деп аталады. Формальдық Ж. әрбір топ ішінде заттар арасындағы ұқсастыққа (абстрактілі-жалпылыққа) негізделген. Абстрактілі-жалпылық белгілі бір топқа жататын барлық заттарға тән сыртқы, қайталана беретін белгілер, қатынастар. Мұнда топ ішіндегі заттардың ортақ қасиеттеріне негізделген ұқсастық ұқсас емеске, тепе-теңдік айырмашылыққа қарама- қарсы қойылады. Формальдық Ж-де жіктелетін топтар арасындағы белгілі бір рет байқалады, бірақ ол сыртқы және жасанды сипатта. Мұндай Ж. ұғымының көлемін бөлумен және объектілерді кластары бойынша реттеумен байланысты. Формальдық ұстындарға сәйкес заттарды топтарға бөлу мазмұндық Ж-дің алғышарты, формальдық ұстындардың танымдық рөлі де осында. Мазмұндық Ж-де жіктелетін заттар кластары немесе топтары арасындағы ішкі және қажетті байланыстарды ашуды көздейді. Сондықтан диалект. ұстындарға негізделген Ж.-де формальдық логиканың кемшіліктері жойылды. Өйткені диалект. (мазмұндық) Ж. әрбір топтағы заттар арасындағы сыртқы ұқсастық қана емес, сонымен бірге тіпті ұқсас


263

емес заттар, бірін-бірі жоққа шығаратын жақтар, белгілер арасындағы қатынастарды ескереді. Егер формальдық Ж. негізінде ұқсас емеске (айыр- машылыққа) қарсы қойылған ұқсастық (тепе-теңдік) біржақты ескерілсе, онда мазмұндық Ж. ұқсастық (тепе-теңдік) пен ұқсас еместік (айырма- шылық) диалект. бірлікте болады. Нақтылы жалпылық – белгілі топқа жататын заттарды біртұтас етіп біріктіретін терең ішкі байланыс заңы. Сон- дықтан мұндай Ж-де жіктелетін заттар дамуының бір кезі. Мыс., эволю- циялық топтарға негізделген өсімдік пен жануарлардың биол. жүйесі, Д.И. Менделеевтің периодтық заңына негізделген хим. элементтердің периодтық жүйесі, Ф.Энгельс ашқан ғылымдардың Ж-і т. б. диалект. Ж.


– жіктелетін заттар арасындағы объективтік байланыстар мен қатынастар логикасының көрінісі. Демек, ол даму мен дүниенің материялық бірлігі ұстындарына негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет