Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Ислам философиясы. 4 том. – Астана: Аударма, 2005. – 534 б.; Қазіргі мұсылман философиясы. 19 том. – Алматы: Жазушы, 2009. – 519 б.; Ислам. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Аруна, 2009.
Й ЙОГ (санскр. уода – байланыс, ойды жинақтау, бірлесу, тәртіп, терең ой) – көне және орта ғасыр үнді философиясының жүйесі. Й. негізгі
қағидалары Патанджали, Упанишад йога және Титада жүйеге келтірілген. Й. жанды дүние құбылыстары әсерінен азат етуді көздейді. Ондағы мақсат
санадан, өзін-өзі танудан арылып, абсолюттік тыныштыққа жету, не жеке жанды абсолюттікке, құдайға жақындату. Й. идеясы ХХ ғ-дың мәдениетіне қарқынды ене бастады. Й-ны түсіндірудің жолдары қай кезеңде болмасын көне бастауларға апарады. Й-ны хатха – йога, джанана раджа, бхакти, карма
йога деген бес бағытқа бөліп қарастырады. Джанана – азаттыққа жетудің негізгі әдісі деп дүние құбылыстарының себеп-салдарлық ағысының мәнін тануды айтады, хатха-йога – денешынықтыру арқылы қуат, күш алуды ұстанады. Білімсіздіктен арылған жан өзін ерікті сезінеді. Раджа – джананың теориясына сүйене отырып, сыртқы дүниеден қол үзу мақсатымен адамның ұстамдылығын жетілдірудің психикалық және физ. әдіс-жолдарының жүйесін қарастырады. Өзін-өзі терең тану (махасамадхи) өліммен тынады. Бхакти – азат болудың негізгі жолы деп «жоғарғыға» жан-тәнімен беріліп, сонымен бірігіп кетуді айтады. Бхакти карма-йогамен тығыз байланысты.
Карма – қоғамға адал қызмет етіп, сол қызметтің жемісінен біржола бас тартуды уағыздайды. Ғасырлық тәжірибесі бар йоганың практикасы күні бүгінге дейін Үндістанда кең тараған.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.
КАМЮ Альберт (1913–1960) – француз жазушысы, философ. Экзис- К тенцианализм бағытының өкілі ретінде К. нигилистік көзқарастағы «абсурд, мағынасыздық философиясынан» моралистік гуманизмге дейін көтерілді.
К-дің танымында ең қайғылы қасірет ХХ ғ-дағы «құдайдың өлімі», яғни адамзат баласының парықсыз өмір сүруі, сондықтан өмір сүрудің өзі мән- мағынасын жоғалтты дегенмен астасады. Мұндай мағынасыз ғасырда кездейсоқтық қана үстемдік етеді. К-дің көзқарасы бойынша адам санасы мен дүние-әлемдегі қайшылық қақтығысынан мағынасыздық туады. Адамзат қоғамындағы мағынасыздық – К. тұжырымдамасының негізгі ұстанымы. Бұл идея бойынша бүкіл дүние мағынасыздықтан тұрады. Сондықтан адам баласы да мағынасыз тіршілік етуге, мақсатсыз өмір сүруге мәжбүр деп ұйғарады. К. сол мағынасыздықтан құтылудың екі жолы бар деп тұжырым, қорытынды жасайды. Біреуі – өзін-өзі өлтіру, екіншісі – бүлікшілік. К. бүлікшілікті абстракті адамның санасыздық пен мағынасыздыққа қарсы наразылық білдіруі деп түсінеді. Алайда, бұл бүлікшілік төңкерісшілдік мағынасында емес, керісінше жер бетіндегі мағынасыздық «хаосқа» қара- май, оған қарсы рухыңды берік ұстап, өмір сүру дейді. К-дің филос. және көркем шығарм-ын – Батыс Еуропадағы рухани атмосферадағы тоқыраудың көрінісі деп тануға болады. К-дің «Бөтен» (1942) повесі, «Сизиф туралы миф» (1942) философ. эссесі, «Оба» (1947) роман – мысал әңгімелері,
«Құлдырау» (1956), «Патшалық және қуғындалу» (1957) әңгімелер жинағы, т. б. еңбектері жарық көрген.
Достарыңызбен бөлісу: |