Әдебиет: Ислам. Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: Аруна, 2009; Құран Кәрім аудармасы. – Алматы: Дәуір, 2003.
КІСІЛІК – қазақ халқының философиялық дүниетанымында ерекше орын алатын ұғым, адам болып өмір сүрудің жоғары деңгейін білдіреді. Қазақ адамгершілігі биік, ағайын-бауыр, дос-жаран арасында, жалпы қоғамда беделді адамын «жақсы кісі» деп сипаттайды. К. «жақсы адам» ұғымынан жоғары. Жақсы адам өзіне, шағын ортасына ғана жақсылық жасауы мүмкін. Ал кісілікке өзі мен туған-туысқандарының қамын ғана емес, бүкіл қоғам мүддесін көбірек ойлаған адам жетпек. К. адамның рухани байлығының өлшемі, ол материалдық байлықтан жоғары, адамның адамгершіліктік сипатын көрсетеді. «К.» ұғымын түркі дүниесінің ғұлама
329
ойшылы Жүсіп Баласағұн жақсы талдады (Сөздіктің «Жүсіп Баласағұн» бөлімін қараңыз). Қазақтың белгілі жырауы Шалкиіздің толғауларындағы
«кісі» ұғымы жақсы мен жаманның диалектикасының, ізгілік пен зұлымдықтың дихотомиясының нәтижесі, ол: «көрінгеннің бәрін кісі демеңіз» дейді. Табиғат берген ақылды даналықпен, көргенділікпен және мейірімділік, жанашырлық, адалдық, қарапайымдылық секілді жақсы қасиеттермен ұштастыра білген, қиындықта басқаға қол ұшын беруге дайын адам ғана кісілікке жете алады. Яғни, қазақ халқы К-ті қоғамнан тыс қарастырмайды. К. «пенде» ұғымына қарама-қарсы ұғым. Екінші ұғымда адамның психобиологиялық негізі басым болса, «кісілік» ұғымында рухани табиғат, әлеуметтік мән басым. Қазақтың түсінігінде, адамның өмірлік мақсаты да – осы К-ке жету.
КІШІБЕКОВ Досмұхамед – профессор, философия ғылымдардың докторы, ҚР ҰҒА академигі, 1925 жылы желтоқсанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі станциясында туған. Шиелі қазақ орта мектебінен кейін 1942 ж. желтоқсаннан 1946 ж. қаңтарына дейін Кеңес армиясы қата- рында азаматтық борышын атқарды. 1949 ж. қазан айынан 1953 ж. науры- зына дейін Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының «Философия» мамандығы бойынша КСРО Ғылым академиясына жолдамамен жібе- рілген, аспирант. 1953 ж. наурызында КСРО Ғылым Академиясында канди- даттық диссертация қорғады (Мәскеу қ.). 1965 жылдың қарашасында
«Капиталистікке дейінгі өндірістік қатынастарды социалистік қатынаста- рымен алмастыру заңдылықтары туралы» тақырыбында докторлық диссер- тация қорғады (Мәскеу қ.). 1967 ж. оған профессор ғылыми атағы берілді. 1972 жылы наурызында Қазақ КСР Ғылым Академиясында «Философия» мамандығы бойынша корреспондент-мүшесі болып сайланады. 2003 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясына академик болып сайланады. 1996 жылдан осы күнге дейін Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде қоғамдық ғылымдар кафедрасының профессоры. Ол 680 басылымдар авторы, оның 55-і кітап- тар, кітапшалар, оқулықтар. Оның басшылығымен 18 адам кандидаттық, 5 адам докторлық диссертация қорғады. Д. К. ең алғаш қазақ тілінде жарық көрген «Философия» оқулығының жетекшісі, әрі авторларының бірі (1991 ж.). Оның Ұ. Сыдықовпен бірігіп жазған қазақ тіліндегі «Философия» оқулығы 2008 жылы 9-ші рет өңделіп жарық көрді. Ол «Ұлы Отан соғысында (1941– 1945 жж.) Германияны жеңгені үшін» медалімен (1945 ж.), «Халықтар достығы» орденімен (1985 ж.), Академик С.И. Вавилов атындағы бүкіл- одақтық «Білім» қоғамының медалімен, ҚР Білім министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» (1995 ж.) медалімен марапатталған.
Д.Кішібековтің ғылыми еңбектері: «Өтпелі қоғамдық қатынастар» (1972), «Қазақстан өтпелі кезең. Қиындықтар мен мәселелер» (1976ж.), «Көшпелі қоғам. Генезис, Даму, Құлдырау» (1984), «Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең» (1999), «Тарих философиясы және бүгінгі заман» (2002), «Сөз және жазу: дыбыс таңба жүйесінің трансформациясы» (2004), «Ұлттық идея және идеология» (2006), «Қазақтар менталдығының бастауы» (2006), «Мәдениет және өркениет» (2009), «Тәуелсіздік философиясы» (2011), «Өмір мәні» (2012), «Ғылым тарихы мен философиясы» (Т.Кішібековпен бірлесе).
Достарыңызбен бөлісу: |