Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет249/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Т. Кун. Структура научных революций. – М.: АСТ, 2003. – С. 9– 269; В.С. Степин. Философия науки. Общие проблемы. – М., 2006; Т. Кун. Ғы- лыми революциялардың құрылымы // Ғылым мен техниканың батыстық фило- софиясы. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 10-том. А.: Жазушы, 2006. 201–258 бб.


КҮНӘ – (парсы. – қылмыс, айып) – шариғат заңдарына, діни қағи- даларға қарсы іс-әрекетті, мінез-құлықты білдіретін этикалық категория. Ислам дінінде ең үлкен күнә – ширк, яғни Алла Тағаланы жоққа шығару немесе оған тең келетін құдірет иесі бар деп сену. Бұл К-ні Алла Тағала кешірмейтіндердің біріне жатады. Ал бұдан басқа үлкенді-кішілі К-ларды қаласа кешіреді немесе соған лайық жаза беруі мүмкін дейтін наным бар. Ислам дінінде үлкен К-лар қатары туралы әртүрлі көзқарастар бар: ата- ана қарғысына ұшырау, сиқырмен айналысу, кісі өлтіру, жалған куәгерлік жасау, ұрлық, парақорлық, құмарпаздық, арам етілген нәрсені пайдалану, екіжүзділікке салыну сияқты мінездер. Кейбір исламдық ғалымдар үлкен К-лар санын 300-ге дейін жеткізеді. Ал кіші К-лар саны шексіз болып есептеледі. Құранда: «Күнә істеуге және шектен шығуда көмектеспеңдер.


328

Алладан сақтаныңдар, Алланың жазасы қатты болады» – деп келтіріледі. Сондықтан ислам діні «…Алла сендердің күнәдан аулақ болғандарыңды, мүлде пәк болғандарыңды қалайды» (Ағзаб сүресі, 33-аят) баса дәріптейді. Әбу Ханифа күнә жасаған адамның иман шеңберінен мүлдем шығып кетпейтіндігі туралы көзқарасты көрсетеді. Ол: «Иманы бола тұра кейбір парыздарды орындамаған адам күнәһар мумин болып табылады» – деп айтады. Исламда күнәні адам нәпсіге жеңіліп жасайтыны баса айтылады. Осыған орай Әбу Ханифа: «Ол Алланы жақсы көрмегендігінен емес, нәпсісінен жеңіліп қалғандықтан Аллаға қарсы келеді» – деп жауап береді. Күнә муминге зиян келтіріп, тозаққа кіруіне себеп болады деп есептеледі. Аллаға және пайғамбарға иман етуде күнәлі болған адаммен, оларға сеніп, иман еткен адамдардың күнәсі бірдей емес. Әл-Ашари бойынша, кейбір үлкен күнә жасаған муминдер пайғамбардың шапағатымен тозақтан құтыла алады. Соңғы шешім тек Алладан болады, Алла қаласа жазалайды, қаласа кешіреді. Хадис бойынша, «күнәнің жуылуы – шын жүректен өкіну» болып табылады. Ислам дінінде күнә істегені үшін шын жүректен өкініп тәубесіне келген Алланың ықыласына бөленетін болады. Тағы бір хадисте: «…Дін жолындағы күресте қиыншылыққа сабырлы болып, Алла тағаланың сауабымен үміт етсең, артқа шегінбей, тек алға қарай ұмтылып жан тапсыратын болсаң күнәларың кешіріледі» делінген. Ислам дінінде ата-ананы қадірлемеу – ауыр күнә болып есептеледі. Осыдан ата-анаға не істесең, алдың сол келеді, әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды деген бар қазақ әдебінде. Ата-анаға қатігездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Сонымен бірге, мұсылман- дық қағида бойынша, патша адамды күнәлі іске бұйырса, оны орындамауға болады және оның әміріне көнбеуге болады. Ф. Ницше «күнәнің әлемге енуін» тек ақылдың адасуымен байланыстырады. Жалпы күнәні біліп тұрып жасалынған адамның теріс әрекеті деп бағалау философиялық әдебиетте орын алған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет