Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет257/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   401
treatise187525

ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ (XV ғ.) – сахара эпосын жасаушылардың бірі, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы. Көшпелілер әулетінен шық- қан Қ.ж. рубасы – көсем де, әскер басы – батыр да саналады. Қ. өмірі туралы дерек аз. Ол өз артына өмір хақында, атамекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптағы сан алуан мол мұра қалдырған, алайда бізге жеткені мардымсыз. Жыраудың жырлары көшпелілердің болмыс, тіршілік, қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Қ. Ж. қиялының ұшқырлығы, суреттеу тәсілінің шеберлігі мен сонылығы орта ғасырларда қазақтың ақын- дық өнерінің жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа ие болғандығын көрсе- теді. Ұлттық бояуы ашық, афористік толғаныс, көркем тіркестерге бай Қ. жырлары ғасырлар бойы қазақ жырауларының үлгі, өнеге мектебі болған. Жыраудың «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» тәрізді шығармалары көне поэзияның таңдаулы нұсқалары болып табылады. Онда көшпелі қазақ халқының өмірге көзқарасы, ой-толғамы бейнеленген.


Қазыбек би КЕлдібекұлы
Қаз дауысты Қазыбек би– қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүздің арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген және 1755 жылы қайтыс болған. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.
Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен.
Тәуке хан үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын Қазыбек билерге жаңа заң жобасын – «Жеті жарғыны» жасатып, Күлтөбенің басында бүкіл халық алдында қабылдатты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т.б. мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді.
Ел «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың ара-сын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасаған.
Дереккөздер: Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010; Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006.; Даланың дара ділмарлары. -Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет