Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет253/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   401
treatise187525

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ – Жалпы адамзаттың рухани әлемінде Ақиқатқа қарай ұмтылудың даналыққа толы пайымдаулары сан түрлі фор- мада көрініс береді. Сондықтан әрбір халықта өзіндік философия қалып- тасқан. Олар болашақта әр қайсысы өз шамасы келгенше адамзаттың жалпы мәдениетіне шығармашылық тұрғыдан өз үлестерін қоса беретініне күмән келтіруге болмайды. Бұл тұжырымдарды толығымен кешегі түркілік заман- нан бастау алған қазақ философиясына да байланысты айтуға болады. Философия әмбебапты дүниені әмбебапты заңдылықтарды пайымдайтын жоғары деңгейдегі зерделеуші құрылым болғанмен ол белгілі ұлттық тіл- дің көмегіне сүйенеді, оны құрал ретінде арқа сүйейді. Сондықтан фило- софиялық пайымдаудың ұлттық типі туралы толық айтуға болады.
Түркілік және қазақ философиясының толыққанды зерттелуі үшін жә- не оған қатысты ғылыми ізденістердің өрбуі үшін елімізде тәуелсіздік алған уақыттан бері қолайлы кезеңдер орнай бастағаны белгілі. Сонау тарихтың қойнауында жатқан рухани мұраларымызды, тарихи тұлғаларымызды қай- та жаңғыртудың арқасында Қорқыт, әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи, Хусамеддин Сығнаки, Сүлеймен Бақырғани, Асан қайғы, Жалайыри, Дулати, Әбілғазы, Рабғузи, қазақ жыраулары мен би-шешендері және тарихтың берідегі «Зар-заман ақындары», Махамбет, қазақ ағартушылары – Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім сияқты есімдердің және ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының арқасын- да философиялық мағынада халықтың жадында қайта жанданғаны бел- гілі және олардың дүниетанымдық дәстүрлер тұрғысынан қазіргі кезеңде жан-жақты зерделеулерден өткізілу заңды құбылыс. Осы және т. б. ғұла- малардың шығармашылығына қарап қазақ халқының басқа халықтар сияқты философиялық ойлау жүйесі тарихи маңызды құбылыс ретінде қалыптасқанын және оның қайталанбас өзіндік ерекшеліктері бар екендігін айтуға болады. Ал сонымен қатар халықтың әлем туралы терең рационалдық және көркем образдары мен түсініктерінен қалыптасқан дүниетанымына


334

қарап, оның тарихи процесте әртүрлі қиындықтарға телініп қалмайтын ұлттық рухы мен ділінің биік өзіндік қайталанбас деңгейі болғанын тұжырымдауға болады.


Қазақтардың түркілік дәуірі кезеңінде дәстүрлі дүниетанымы болғаны мамандарға белгілі. Қазақ хандығы дәуірінің ақын-жыраулары мен би- шешендерінің осы орнықты қалыпты әрі қарай рухани сабақтастықпен жалғастырады. Қазақ этносының дүниетанымның сан қырлы сипаттамасы мен дәстүрлері кейінгі дәуірлерде қайталанып отырады. Ал енді қазіргі заманның талаптарына сай қазақ философиялық ойы жаңа әдіснамалық ұстанымдарға сүйенеді және ол теориялық және практикалық тұрғыдан оның болашағы өркениетті мақсаттарға негізделген. Қазақстандағы кәсі- би философияның негізі өткен ХХ ғасырдың ортасында қаланып, «Ал- маты философия мектебі» деген құбылыс дүниеге келді. Қазіргі қазақ философиясының келбеті мен мазмұны қазақ елінде тарихи сипатта адам мәселесін қарастыруға негізделген зерделеулерді, рухани тамырларды дамытуға бағытталғанын атап өту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет