Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет352/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   401
treatise187525

Әдеб.: Т. Ғабитов, Ж. Мүтәліпов, А. Кұлсариева. Мәдениеттану. А.,
2000; М. Орынбеков Верования Древнего Казахстана. А., 1997; Н. Келімбетов.
458


Ежелгі дәуір әдебиеті. – А., 1991; Ә. Қоңыратбаев, Т. Қоңыратбаев. Көне мәдениет жазбалары. – А., 1991.


ТӘУБЕ – адамның ағат кеткен іс-қылығына өкініш білдіріп, келе- шекте оны болдырмауға үзілді-кесілді бел байлау, барға шүкіршілік ету, жаман әдет бойға сіңбей тұрғанда, тез Т-ге келіп, оны қайталамауға, жаманшылықтың орнығуына жол бермеу. Т. адамның өзін-өзі тәрбиелеудің бір жолы. Кімде-кім пендешілік жасап, теріс жолға түсіп қалса, дереу өзін-өзі жазғырып, адамшылық жолға түсуге бел байлап, бойын тез жинап алып, ар намысы алдында таза болуы жағын ойластыруы тиіс. Сонда ғана ол менің ожданым (ар-намысым) таза деп қысылып-қымтырылмай айта алады. Өзімен өзі және басқалармен үйлесімді қатынаста болу үшін адамға тәубешілдік қажет. Т-ге келу дегеніміз, адамның бұл дүниенің қыр-сырын түсініп, шектен шыққан нәпсіқұмарлықты тоқтатуға бағытталған әрекеті. Өз қатесін мойындай білу әркімнен батылдықты қажет етеді. Т-ге келу уайым философиясы емес. «Мен кереметпін, тек бәріне сұм заман кінәлі» деген позиция адамның әлсіздігін білдіреді. Қазақ мақалындағыдай «Жағам жаман болса, жеңім жақсы, өзім жаман болсам, ағам жақсы» деп отыра беруге де болмайды. Қазақы түсінік бойынша құдай Адам атаны балшықтан жаратып оған өзі жан берген. Адамның өмірдегі келеңсіз көріністердің барлығы осы хаостық табиғи денеде ұяланады. Адам өз нәпсіқұмарлығын жеңіп, құдайылық рухани жоғарылылыққа жетуі қажет. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде нысап, несібе, Т. негізінен имандылық талаптарынан туатын кісілік құндылықтар ретінде қабылданған Ислам дінінің қазақ сахарасында нығаюына қатысты этикалық ұғымдардың діни мазмұны арта түсті. ХV– ХVI ғасырлардағы жырауларда кісілік құндылықтардың көшпелілік, тәңіршілдік түсіндірмелері мен суреттемелері басым болса, ХVIII ғасыр ақын-жырауларында «обал», «сауап», «Т.», «несібе» сияқты мұсылмандық мағынадағы түсініктер жиі қолданыла бастады. Әрине, бұл ұғымдарда жалпы адамзаттық нормалар да көрініс тапты.


ТӘН. Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі әдептік реттеудің маңызды бір ерекшелігін ондағы жан мен Т. үйлесімділігі деп атауға болады. Бұл Т. мен жан сұлулығы ұғымында айқын байқалады. « Т-і сұлудың жаны да сұлу» деп түсінген халық үшін ұсқынсыздық бір бағытты болып келмейді. Халық- тық дүниетанымда адамның Т-дік бастаулары ақталып шығады. Қазақтың әдеп жүйесінде аскеттік мұраттар терең ұяланбаған. Т. жеке даралық, өзімшілдік сипатта емес, керісінше, жалпы әлемдік, ғарыштық, халықтық тұрғыдан қарастырғанда толассыз жаңғыртулар мен өзгерістердің жетілу- дің кепіліне айналады. Т. өмір мен өлімнің, әке мен аналық жасампаздық- тың, өткіншілік пен мәңгіліктің рәмізіне айналады. Ең бастысы – Т. бүкіл табиғаттың толассыз жаңғыртушылық қабілеттілігінің адамдандырылған
459

бітіміне жатады. Ол молшылық, құттылық, дәулеттілік, шаттылық, көтерің- кілік, ләззат т.т. құндылықтарының отауы болып табылады. Ол – адам тірші- лігінің салтанаты. Т-нің төменділігі шартты болып келеді. Төмендеу, бұл мағынада, Жер-Анаға жақындау, оның сіңіруші және қайтадан тудырушы стихиясымен бірегейленуді білдіреді. Тіпті, өлу дегеніміз (қазақша – «қай- тыс болу») табиғатқа қайтып келуді білдіреді. Төмендеу дегеніміз тәннің төменгі мүшелерінің (ішек-қарынның, жыныстық мүшелердің) асты қоры- ту, оны табиғатқа шығару, махаббаттан ләззат алу, жүкті болу, нәрестені дүниеге әкелу сияқты қызметтерін түсіну деген сөз. «Ұлы сөзде ұят жоқ» дейді қазақ. Жоғарыда аталған нәрселер адамдық келбетті төмендетіп жібермейді (төмен ұғымын амбивалентті мағынада қолданып тұрмыз). Тұлғаның фәниден бақиға дейінгі тіршілігінде аса маңызды оқиғалар мен оларды атап өту астарында «төменгі Т.» құндылықтары тұр (құда түсу, үйлену, шілдехана, тұсау кесу, қайтыс болу, ас беру). Халық дәстүрінде астан жоғары құндылық сирек кездеседі. Сөйтіп төменгі жоғарғы болып шыға келеді. Тек адам санасында төменгі дене құнсыздандырылып, тыйым салынған игіліктерге айналып кетеді. Халық түсінігінде, Т. тұрмыстық жиі қолданудан біртіндеп қарадүрсінделуі мүмкін, ол тоғышар адамдардың топастықпен қайталайтын нәпсіқұмарлығына айналуы да ғажап емес. Бірақ Т. де бұл үшін жаратылған жоқ, Т. құмарлығын рухани бастаулардан алыстату дұрыс емес. Егер тірілердің есінде жақсы істері, ойлары, білімі, қайырымдылығы арқылы қалатын болса, ол адам қайта тууы мүмкін. Сөй- тіп, адам өмірінің мәні алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін белсенді түрде игеруде, ізгілікті істерінде екен; сонда Т. өлгенімен жан мәңгі қалады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет