Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет397/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   401
treatise187525

ЭЗОТЕРИЗМ (ағылш. esoterіc – жұмбақ, белгілі адамдарға ғана анық жасырын сыр) – ұстаздан таңдаулы шәкіртке ауызба ауыз таралатын ілім. Мыс., Пифагордың ілімі солай таралған. Бұл ұғым экзотеризмге, яғни, қоғамдық дәрежесі бар ілімге қарсы. Әрбір терең ілімде, эзотерикалық, тек таңдаулыға, және экзотерикалық, жалпыға арналған нұсқалары. Ежелгі гректерде филос. ілімдерден бұрын діни мистериялар, яғни, жасырын діни жиындар болған. Мысалы, Элевсиндік мистериялар кезінде болған жағдайларды қатысушылар жарияламауға ант берген. Э-нің шығу себебі таным түрлерінің күрделілігіне байланысты. Ешбір мән бейнелі түрде ақырына дейін көрінбейді. Мәннің танымға жатпайтын кейбір қырлары арнайы символдар арқылы ғана белгіленеді, болмыстың құпия қырлары осы символдарды пайымдау арқасында ғана сезініледі. Э. көп нәрсеге шектеу қояды – белгілі діннің сырын паш етуге, жат кісілерді жасырын ілімнің ауызша, немесе, жазбаша символикасын үйретуге. Э-ң ең төмен сатысы үнсіздікте қабылданатын сыр, ортаңғы сатысы, айтуға тиісті емес сыр, жоғарғы сатысы, тұжырымдауға көнбейтін ең терең сырлар. Сонымен қатар Э. таза діни сипатқа тәуелді емес. Э. болмыстың ең ақырғы мәнісін интуиция, ұят, және мистикалық жан саяхаты арқылы тануға байланысты.


ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррацио- налистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Э. бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Э. филос. бағыт ретінде ХХ ғ-да қалыптасты. Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар және төніп келе жатқан эколог. апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен жасалған бірақ, өзіне жат дүниесінде адамның өмірінің мәні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түседі. Адамгершілік құндылықтарға бет бұру бұл бағыттың басты ерекшелігі. Э-ның негізгі өкілдері: М. Хайдеггер, К. Ясперс, Н.А. Бердяев, Ж.П. Сартр, Г. Марсель, А. Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Аугустин, Ф. Шеллинг, С. Кьеркегор, А. Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф. Ницше. Э. еур. әде- биеттің, театрдың, басқа да өнер салаларының дамуына ықпал етті. Қор- қынышқа байланысты көптеген шығармалар туындап, оны жеңу, адам- гершілік құндылықтарды адам тіршілігінің баянсыздығы тұрғысынан қарастыру басты тақырыпқа айналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет