Әдебиет: Дун Чжуншу. (О небе и человеке. О познании). Ауд. М.Л. Титаренко
// Антология мировой философии. Т. 1. Ч. 1. – М., 1969; Дун Чжуншу. Чунь цю фань лу. Ауд. А.С. Мартынов // Древнекиайская философия. Эпоха Хань. – М., 1988.
ДУНС Скот Иоанн (1266 Макстон, Шотландия, – 08.11.1308, Кельн) ор- та ғасырлық теолог және философ, схолостиканың өкілі. Францискандық- монах; «Нәзік доктор» (doktor subtilis). Оксфордта, Парижде оқыды және оқытушылық қызмет атқарды. Августшылдық дәстүріне ілесе отырып, Д. С. сенім мен білім, теология мен философия аражігін ашты. Адам ақылы (интелект) тек жаратылған затты таниды. Құдай өз бетінше адам ақылының табиғи объектісі болып табылмайды. Шектілік пен шексіздік – болмыстың түрлі модустары. Адам ақыл-ойы құдайды тек шексіз болмыс ретінде біле алады. Орта ғасырлық реализмнің түсінігіне арқа сүйей отырып, предикат- тардың (универсалилердің) емес, субъектілердің (индивидтердің) алғашқы- лығын мойындады. Индивид – жеке предикаттарға (түрлерге) сәйкес келетін қасиеттердің жиынтығы емес, ең алдымен индивид қасиеттердің бірлігі. Бұл жерде дәл «осы» затқа тән белгілі бір тұтастық. Д. С. жеке заттың сипаттамасы үшін «осылық» (haecceitas) ерекше ұғымын енгізді. Д. С. ілімінің негізгі мәселелерінің бірі – ерік бостандығы. Дүниенің жаратылуы
– бұл индивидтердің жаратылуы. Индивидтер универсалилермен анықтал- майды. Бірақ, тек абсолютті азат ерік қана әмбебап «осыны» жарата алады. Заттың жаратылысынан бұрын оның мүмкіндігі (идея) құдай ақылында болады. Жаратылыс актісінде ерік индивид қасиеті ретінде тең мүмкіндік- терге таңдау жасайды. Осылайша, ерік азат, бұл тандау кездейсоқ; ақыл, білім таңдаудың тек шарты мен мүмкіндігі, бірақ оның себебі емес. Ғылым білімді талдауда Д. С. ғылыми білімнің қажеттілігі танылатын объектінің қажеттілігінде емес, таным процесінің қажеттілігінде жатыр деп есептейді.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004; Әлемдік философиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2006.
ДҮНИЕ – тұтас алғандағы бүкіл объективтік шындықта бардың бәрі. Д-ге бірлік, біртұтастық тән. Д-нің бірлігі, біртұтастығы философияда әртүр- лі түсіндіріледі. Қандай көзқарасты ұстану адамның дүниеге көзқарасын, дүниетанымын анықтайды. Философия мен ғылымды Д. мен адамның
223
қарым-қатынасы мәселесі қызықтырады. Адам да сол Д-нің бір бөлігі, бірақ Адам сонымен бірге Д-мен барабар: ол Д-ні сезінеді, тұтас қабылдайды, танып-біледі, өзгертеді, оған тереңдеп бойлайды, оның тұтас суреттемесін жасайды, меңгереді. Адам әмбебап жан иесі ретінде дүниемен теңгеріледі, сол Д-де еркін өмір сүруге ұмтылады. Адамзат практикасының дамуы бұл еркіндік дәрежесінің барған сайын арта түсуіне әкеліп соғады. Д. ұғымымен қатар кейде Әлем, Ғарыш (Космос) ұғымдары қолданылады. Әлем ұғымы астрономиялық мағынасы бар ұғым, ол галактика, мегагалактика сияқты ұғымдармен нақтыланады. Космос ұғымы антикалық философияның жемісі: онда миф пен логос, хаос пен космос қарама-қарсы қойылады. Космос хаостан мүлде бөлек, ол белгілі бір тәртібі, ішкі заңдылығы бар біртұтас Д., сондықтан антикалық философияның басты ерекшелігі оның космоцентризмінде делінеді. Яғни бәрі табиғат та, қоғамда да, адам баласы да сол бір Космос, сонымен қамтылады, сонымен анықталады. Бүкіл Д. макрокосмос делінсе, адам микрокосмос деп есептеледі. Қазіргі ғылымда космос ұғымы астрономиялық (аспан, аспан денелері) мағынасында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |