Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет273/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   401
treatise187525

361


МАҒЖАН Жұмабаев (1853–1938) – ұлы ақын, қазақ мәдениетінің үздік өкілі. М.Ж. бір жағынан, отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрестің табанды қайраткері болса, екінші жағынан, орыс және еуропа мәдениетіне терең сусындаған тіпті, бүкіл Шығыстың атынан сөйлейтін теңбе-тең қарсыласына айналған. М.Ж. заманы О. Шпенглердің «Еуропа ақыры», Зия Гокалптың «Түркішілдік негіздері» жарық көрген, бүкіл әлемде отаршыл еуропашылдыққа қарсы күрес көтерілген кезең еді. Сондықтан М.Ж. шығарм.-да гуманитарлық емес, елсүйгіштік сезімі басым. Ұлы Абай мен Шәкәрім ислам мәдениетін, Шығыс пен Батыс өнерінен нәр алған әлем азаматы сезінсе, М.Ж. ХХ ғ. құндылықтарына сай ұлттық поэзия қалыптастыруға тырысқан. Егер В. Брюсов М.Ж. қазақ Пушкині десе, бұл өте нақты анықтама. Өйткені М. Пушкин сияқты ұлттық поэзияны дәстүр- лі нұсқадан өз заманына сай жаңашыл нұсқаға көтерген ақын. М.Ж. өте әсерлі деңгейде символизм эстетикасын игерген дарынды ақын. М.Ж. ақпан төңкерісін үлкен үмітпен қабылдап, Кеңес үкіметі құндылықтарын көпке дейін қабылдай алмайды. «Күнбатысты қараңғылық қаптаған, Жалғыз жан жоқ қараңғыда лақпаған. Білген емес иман деген не нәрсе, Қарын деген сөзді ғана жаттаған». Міне, М.Ж. үшін марксизм қарын ілімі болды. Кеңес үкіметі заманын ол ақырзаман ретінде қабылдады. Заманның өзгергенін білсе де, оған икемделгісі келмеді. М.Ж. құндылығы осы тұтастығында, грек халқының бостандығы үшін қаза тапқан Байронға ұқсас бірбеткейлі- гінде. Қазақ поэзиясының атасы Абайды сүйетіндігін айта келіп, Мұхтар Әуезов (1929): «Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқырағын, әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып жайлауы жарасқан арқа қызын көріп сезгендей боламын. Мағжан культурасы зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның шегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңін терген ақын болмайды, заманнан басы озып, ілгерілеп кеткен ақын болады. Әдебиет әдебиет үшін деген таңба айқын болмай, нәрлі әдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі».


МАКЛЮЭН Маршал (1911–1980) – канадалық мәдениеттанушы. М. мәдениетте коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады деп есептейді. Байланыс құралдары мәдениеттің бейне-реңкін анықтайды және адамның сезімдік ағзаларының біреуінің немесе келесісінің қызме- тін жандандырады. Сондықтан мәдениеттер бір-бірінен адамның әйтеуір бір сезімдік ағзасының белсенді қызметіне байланысты өзгешеленеді. Коммуникацияның әрбір жаңа түрінің пайда болуы жаңа әлеум.-


362

экономикалық және мәдени құрылымдардың, жаңа «галактиканың» пай- да болуына әкелді. Сондықтан да ол тарихты бір-бірімен ұзақ уақыт бойы қатар өмір сүре алатын «галактикалардың» кезекпен ауысып отыруы деп таниды. Адамзат тарихын төрт кезеңге бөледі: жазу пайда болғанға дейінгі жабайылық кезең; фонетикалық жазу мыңжылдығы; «Гутекбергтік галактика» – баспа техникасының бес жүзжылдығы; «Маркони галактикасы»


– қазіргі электрондық өркениет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет