79
мойындайды. Түрктерден сескенген қидандар, табғаштар, оғуздар
өздерінің
одақтастарына елші жіберіп, ақыл қосып, күш біріктірудің
қажеттігін қайта-қайта пысықтап, әбіржіп жатады. Өйткені,
олардың
айтуынша: түрк халқының «Қағаны — алып, ақылгөйі — кемеңгер. Осы
екеуі тірі болса, бізге жеңу жоқ» деп налиды. Мұндағы түрк халқының
ақылгөйі деп отырғаны — Тоныкөк.
Тоныкөк — айлакер, әскери әдістердің жетік білгірі. Оғыздар,
табғаштар, құтандар түрк халқына қарсы аттану үшін күш қосқалы
жатыр дегенді естіген Тоныкөк күні-түні алдағы болғалы тұрған апаттан
құтылар жолдарды, тәсілдерді іздейді ғой. Ақыры күллі ел болып соның
дегеніне көшеді.
Тоныкөктің ойынша: «жұқаны бүктеу оңай, жіңішкені — үзу
оңай, ендеше ол үшеуі бірігіп күшеймей тұрғанда шабуылға түрк
жауынгерлерінің өзі шығып, олар ды шетінен біртіндеп талқандау керек».
Көпті көрген, өмірден түйгені мол Тоныкөктің ақыл-айласы, сөйтіп,
түрк халқына жеңіс әпереді.
Жауға ойламаған жерден, дәл осылай, тұтқиылдан шабуыл жасау, бұл
да қатал сындардан қапысыз өткен ең сүйікті әскери әдістерінің бірі.
Тоныкөк — саясаттың адамы. Осы қасиетіне байланысты академик
Бартольд оны француз тарихындағы Талейранмен салыстырады. Көзі
тірісінде өз атынан өзіне ескерткіш орнаттыруы да,
тексте басынан
аяғына дейін үнемі «мен», «мен» деп сөйлеуі де, оның тарихта өз атын
қалдыруға қам жеген саясатшылдығынан еді.
Жоғарғы айтылғандардың үстіне Тоныкөк — жауапты, шешуші
жорықтарға қол бастаған ерен батыр.
Ел шетіне жау келгенде түрк халқы үшін ол түн төсегінен түңіліп,
ұйқысын төрт бөледі.
Түнде ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Қызыл қанымды ағыздым,
Қара
терімді төктім,—
деп жазады.
Ол — қорқуды білмейтін, жауға намысын жібермейтін ержүрек батыр.
Оның қайсар, батырға тән ерлігін мына бір үзіндіден айқын көреміз:
Алтын тауын асып келдік,
Ертіс өзенін кешіп келдік,
Көп екен деп неге қашамыз,
Азбыз
деп неге қорқамыз,
Неге басындырамыз?
Шабамыз,—
дейді.
80
Мұнда мұқалмас жігер, орасан батылдық бар. Өздеріңізге мәлім,
Білге қаған таққа отырғанда, оған кеңесші
болған қарт данышпан жетпіс
жаста еді.
Өзім қартайдым
Ұлық болдым,—
деген жолдардан біз оның сол ұлғайған шағын көреміз.
Бірақ кәрі тарлан қартайдым деп отырмаған, өле-өлгенше түрк
халқының қамында болған:
Мен өзім ұзақ жорықтарға да бастадым,
Бүкіл түрк
халқына
Қарулы жау келтірмедім,
Атты әскер жолатпадым,—
деген жолдар Тоныкөк өмірінің мақсаты мен нәтижесіндей. Орхон
ескерткіші суреттеген
көне дәуірдің жырауы, батыры, білгірі Тоныкөк
міне, дәл осындай.
Достарыңызбен бөлісу: