85
И. В. Стеблеваның айтуынша, Орхон ескерткіштері түрк халықтары
поэзиясына ортақ төрт тармақты өлең принципіне негізделген. Мұның
дұрыс еместігін және Орхон жырларының төрт тармақты шумақтардан
ғана тұрмайтындығын жоғарыда айттық.
Орхон ескерткіштерінің үш, төрт, бес, алты, сегіз тіпті онан да көп
жолды шумақтардан тұратындығын,
әр алуан ұйқасты, әр буынды,
көбіне 7—8 буынды болып келетін жыр өлшеміне негізделгенін байқауға
болады.
Ескерткіштегі өлең жолдары жыр тәрізді бірімен-бірі тығыз
байланысты болып келеді де, негізінен бір ой түйдегіне бағынады. Демек,
Орхон ескерткіштері жыр өлшемімен жазылған. Мұның дәлелі ретінде
«Күлтегін» жырындағы батырдың айқастарын
суреттеген жолдарды
алуға болады. Онда өзара байланысты ұзақ бір түйдек өлеңдер тобы
«оплайу тегді» (шабуылға ұмтылды), «бініп тегді» (мініп шапты), «ол ат
анта өлті» (ол ат сон да өлді) тәрізді тіркестердің жиі қайталану арқылы
айқас туралы бүтін бір жыр циклін құрайды.
Орхон ескерткіштерінде жетілген өлең ұйқастарының өте аз
ұшырасатындығы да біздің пікірімізді дәлелдей түседі.
Өйткені
өлеңдегідей емес, жырдағы ұйқас көбіне ойға құрылады.
Біздің есебіміз бойынша, Орхон ескерткіштері 727 жыр жолынан
тұрады. Жыр жолдарының буын сандары түрліше болып келеді (3-тен 15
буынға дейін кездеседі).
Кестеге қараңыз.
Буындар
үш
буынды
төр
т
буынды
бе
с
буынды
алты
буынды
жыр
жолдары
3
32
82
102
процент есебімен
0,4
4,4
11,3
14,0
ж
еті б
уынды
сегіз б
уынды
тоғыз б
уынды
он б
уынды
он бір б
уынды
он екі б
уынды
он үш б
уынды
он төр
т б
уынды
он б
ес б
уынды
Бар
лығы
119 101 80
71
61
28
13
7
727
16,4 13,9 11,0 9,8
8,4
3,9
3,9
1,9
0,9
100%
Достарыңызбен бөлісу: