8
зерттеу мақсатында бірнеше дарынды шәкірттер дайындады.
Жоғарғы
курс студенттері мен аспиранттарға көне түркі жазба ескерткіштерін
зерттеу мақсатында жеке тақырыптар ұсына отырып, оларға өзі тікелей
жетекшілік жасады, қиын-қысталаңы мол түркітану – қазақтану
соқпағына соны жол сілтеді. Соның нәтижесінде М.Мағауин «ХҮ-ХҮІІІ
ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясы» (1967), М.Жолдасбеков «Көне
түркі әдеби ескерткіштері және олардың қазақ әдебиетіне қатысы»
(1969), А.Қыраубаева қыпшақ әдебиетінің жазба мұрасы «Мұхаббат-
нама» (1974) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
Бұған қоса, Б.Кенжебаевтың «Қазақ әдебиетінің көне дәуірі» (1970),
«Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (1973), М.Жолдасбековтің
«Асыл арналар» (1986), Х.Сүйіншәлиевтің «Ғасырлар поэзиясы» (1987),
А.Қыраубаеваның «Ғасырлар мұрасы» (1988), Қ.Сыдиықовтың «Ақын-
жыраулар» (1974), М.Мағауиннің «Қобыз сарыны» (1968) монографиясы
мен «Алдаспан» (1970) атты антологиялық кітаптары жарық көрді.
Сондай-ақ осы топтағы бірнеше зерттеуші атсалысқан «Ертедегі қазақ
әдебиеті» (1967) хрестоматиясы да өз кезеңі үшін елеулі жаңалық болып
саналды. Бұл ретте Н.Келімбетовтің ЖОО студенттеріне арнап жазылған
«Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (1986)
атты оқулық кітабын да атап
өткен абзал.
1960-жылдардың орта шенінде қолға алынған ежелгі әдебиет
тарихын зерттеу жұмыстарына филология ғылымдарының докторы,
профессор Х.Сүйіншәлиев те белсене араласқанын көреміз.
Саналы
ғұмырын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
филология факультетінде ұстаздыққа арнаған ол сонымен бірге көне
дәуір мұраларын зерттеуге барынша ден қойды.
Еңбекқор ғалымның
1967 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық көрген «Қазақ әдебиетінің
қалыптасу кезеңдері» атты монографиясы ұлттық әдебиетіміздің терең
қатпарларына тыңнан түрен салып қана қоймай, осы бағыттағы алғашқы
арнайы зерттеу еңбегі әрі қазақ әдебиетінің ерте дәуірлеріне арналған
тұңғыш оқулықтың бірінен саналды. Кейіннен аталған оқу құралы
толықтырылып, әлденеше рет басылым көруінің өзі ғалым еңбектерінің
қаншалықты рухани сұранысқа ие болғандығын айқын аңғартса керек.
«Әдебиет тарихы еліміздің басынан
кешкен ұзақ өмір сапары мен
мәдени өсу кезеңдеріне байланысты баяндалуға тиісті. Сондықтан
көркем сөз өнерінің даму жолын халқымыздың тарихына ұштастыра
қарастыру абзал»,
4
– деп жазған зерттеуші атақты түркітанушы
Л.Н. Гумилевтің төмендегі пікірін
ғылымдағы басты ұстанымына
айналдырады. Яғни:
«Өзіңнің тарихыңды жете білмей, оған деген
Достарыңызбен бөлісу: