Бұл ел бұрын бейбіт, еркін ел еді,
Білімділер мекен еткен жер еді.
Мұнан «Ныхаяны» жазған ақын шыққан,
Мұнан «Қидаяны» жеңілдеткен ғалым шықан,.
Егер бізге қайта туу нәсіп болса,,
Біз екінші рет осы Сығанақта тұрар едік
16
Рас түрік ру-тайпаларының бұл тұстағы әдебиеті араб әрпімен,
араб тілінің ықпалымен жазылды. Бірақ араб әдебиеті болып кетпеді.
Өздерінің ежелгі әдебиетінің жалғасы, жаңа жағдайдағы жаңаша өсіп-
дамуы болды.
Түркі тайпалары мен ұлыстарының ертедегі әдеби нұсқаларынан
«Оғыз-нама», «Мұхаббат-нама» деген шығармаларды зерттеген түрколог
ғалым А.М.Щербак: «бұлардың алдыңғысы ІХ ғасырға, ұйғыр дәуіріне,
екіншісі ХІІІ ғасырға, араб, моңғол билеген дәуірге жатады. Бірақ
екеуінің тілдік, әдебиеттік негізі бір. Екеуі бір әдеби дәстүрдің екі дәуірін
сипаттайды» дегенді айтады
17
.
Көпке мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ХІІІ ғасырдың басынан тағы
бір шапқыншылық келеді. Ол – күншығыстан келген Шыңғысхан бастаған
моңғол шапқыншылары еді. Моңғолдар Қытай, Рим аралығындағы кең-
16
«Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары». жинақ, Алматы, «Қазақстан»
17
А.М.Щербак: «Огуз нама», «Мухаббат нама», М., Издательство Восточной литературы,
1959, стр 5
21
байтақ жерлерді түгел жаулап алды. Онда үлкен мемлекет құрды, ол
Алтын Орда (Ақ Орда, Көк Орда) деп аталып, үш ғасыр шамасы уақыт
өмір сүрді.
Араб басқыншылары сияқты моңғол шапқыншылары да өлкенің
елін, жерін әбден ойрандады. Ертедегі батырлық жырлардың сөзімен
айтқанда, оның «халықтарын қан қылды, қалаларын шаң қылды»;
шаруашылығын әбден күйретті, өлкенің өңін мүлде өзгертіп жіберді. Ол
замандарда Орта Азия мен Қазақстанға, ондағы халықтарға қарағанда
араб елінің, арабтардың мәдениеті жоғары еді, олар мәдениетті халық деп
саналушы еді. Ал, моңғолдардың мәдени дәрежесі арабтарға қарағанда
да, Орта Азия мен Қазақстан халықтарына қарағанда да біраз төмен
болушы еді. Сондықтан моңғолдар билеп-төстеп тұрған кезде, Алтын
Орда тұсында, ХІІІ-ХV ғасырлар арасында Орта Азия мен Қазақстан
өлкелерінің, ондағы халықтардың мәдениеті оншалықты өркендемеді.
Бұрынғы қалпына келтірілген қала-кенттер мәдениет орындары Алтын
Орда ыдырағаннан кейінгі болған бірсыпыра хандар соғысы кезінде тағы
қиратылды. Халықтың мәдениеті онша көтерілмеді.
* * *
Қазақтың кейбір әдебиетші ғалымдары біз жоғарыда көрсеткен
ертедегі әдеби, ғылыми шығармаларды, жазушылар мен ғалымдарды
қазақтікі емес, қазаққа олардың тілдері түсініксіз, рухы жат дейді. Бұл
дұрыс емес.
Себебі: бірінші, қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы
әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары сол халықтың бүгінгі тілінде болуы
шарт емес. Кейбір халықтардың ондай әдебиетінің басқа тілді, сол
халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ, сол халық жерінде, сол
халық өкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін
көрсететін әдебиет нұсқалары болуы ықтимал.
Бұған француз, орыс, белорус, украин халықтары жазба әдебиеттерінің
тарихы куә бола алады. Француздың ертерек орта ғасырдағы жазба
әдебиетінің басым көпшілігі француз тілінде жасалмай, латын тілінде,
француз халқы үшін бөгде тілде жасалған: орыс, белорус, украин
халықтары бұрынғы әдебиетінің көп нұсқалары ертедегі бұлғар тілінен
өрбіген шіркеу-славян тілінде, қазіргі орыс, белорус, украин халқына
түсініксіз тілде жасалған.
Екінші, көрсетілген әдеби, ғылыми шығармалардың бірқатары түрік,
ұйғыр, шағатай тілдерінде, бірқатары бұрынғы түрік, шағатай, араб
тілдерінде (көбірек шағатай тілінде) жасалған. Ал шағатай тілі араб,
парсы сөздері араласқан, араб, парсы тілдеріндегі кітаптар стиліне түскен
түрік тілі, түркі ру-тайпаларының кітаби тілі еді.
Осы күні бірқатар ғалымдар шағатай тілі жөнінде әртүрлі пікір
айтады: бірі оны Орта Азия мен Қазақстанда жасалған бір тайпаның
22
өзбек тайпасының тілі еді дейді: енді бірі – шағатай тілі қазақ ру-
тайпаларына мүлде түсініксіз тіл болған еді дейді. Мұның бәрі әбес,
жаңылыс. Себебі, «Өзбек тайпасы, Өзбек хандығы тарихта ХV ғасырдың
жиырмасыншы жылдарында, Алтын Орда мемлекеті ыдыраған кезде
пайда болды»
18
. Ол басқа жақтан ауып келмеді, ежелден Орта Азия мен
Қазақстанды мекендеген, Алтын Орда қол астында болған көптеген түркі
ру-тайпаларынан іріктеліп, бөлініп шықты.
Ал, шағатай тілі Орта Азия мен Қазақстан жерлерін мекендеген ру-
тайпалардың кітаби тілі ретінде Өзбек тайпасы, Өзбек хандығы пайда
болғаннан көп бұрын, аталған жерлерді арабтар жаулап алғаннан бастап
жасала, қалыптаса бастаған болатын. Сол өлкелердегі ру-тайпалардың
бәріне ортақ, бәріне түсінікті тіл болатын.Тіпті ХІ ғасырда нағыз
шағатай тілінде жасалған Рабғузидің «Қисса-сұл Әнбия» деген кітабын
алсақ, оның тілі сол дәуірдегі қазақтарға ғана емес, бүгінгі қазақтарға да
түсінікті. Мысалы, былай болып келеді:
«...Зұлиқаның сабыры қалмады. Бір күні Юсіпті бостанға келтірді.
Айтты: Ей, Юсіп, менің көңілімде бір сөзім бар, кімсеге айта алмасмын.
Сен білермусің? – деді. Юсіп: Ей, Зулиқа, сенің көңліңдегіңді мен не
білейін? – деді. Зұлиқа айтты: – Ей, Юсіп, менің көңілімде сенің сүйіклігің
бар, сені бегаят сүйемін, – деді. Юсіп айтты: менің сүйгенге, өз еріңнің
сүйгіл. Зұлиқа айтты: - Мен бәрі сенсіз сабыр қылмаспын, нечік қарар
қылайын.»
Және осы «Қисса-сұл-Әнбияны» ХХ ғасырға дейінгі, Қазан
революциясынан бұрынғы хат таныған қазақтың бәрі оқыған, білген.
Мысалы, әйгілі Біржан сал мен ақын Сараның айтысында Сара осы
кітаптан мысал келтіре сөйлейді:
Біржан: «Бұл үйде Сара бар ма, шықсын бері...» деп келіп, Сараға
«алдымнан шық, аттан түсір» деп әмір етеді. Сонда Сара Біржанға:
«Қисса әнбиядын» оқымадың ба? Онда Адам ата Хауа анаға бұрын
барған, еркектен әйелдің жолы үлкен» дегенді айтады.
Қысқасы, шағатай тілі ертедегі өзбек тайпасының ғана тілі емес, Орта
Азия мен Қазақстан жерлерін мекендеген көп тайпаның тілі, солардың
ортақ тілі. Батыс Еуропа халықтарының бір кездегі әдеби тілі латын
тілі болғаны сияқты, шағатай тілі – Орта Азия, Қазақстан жерлерін
мекендеген халықтардың бір кездегі әдеби тілі.
Бірқатар ғалымдар Қытай, Рим аралығында жасаған ру-тайпаларда
сөз болып отырған замандарда шыққан жазушылар мен ғалымдарды
анасы ана ру-тайпаның уәкілі, мынасы мына халықтың перзенті деп
бөледі: пәлен өзбек, түген түрікпен деп жіп тағады. Бәрін дерлік қазаққа
қатысы жоқ етіп шығарады. Бұл мүлде бекер.
18
Б.А.Ахметов. Государство кочевых узбеков. М.,Изд «Наука», 1965, стр 5
23
Өйткені, алдымен, бірқатар жазушылар мен ғалымдар өздерін
«Әл-Фараби», «Әл-Беруни», «Әл-Қыпшақи», «Әл-Сығанақи», «Әл-
Түркістани, «Яссауи» деп атаған. Бұл олардың қазақ жерінен, қазақ
жерінде әр кезде болған белгілі қала-кенттерден, қазақ руларынан
шыққанын, қазаққа қатысы болғанын аңғартады.
Онан соң, мәселе қай жазушының, қай ғалымның қай ру, қай тайпадан
шығуында емес, көбінше, әсіресе, оның шығармасы мен еңбегінде, өз
шығармасы, еңбегін қай тілде жазғанында болуға тиісті. Мәселеге осы
жағынан келсек, біз сөз етіп отырған жазушылар мен ғалымдар әрқайсысы
әр ру-тайпадан шықса да, шығармалары мен еңбектерін жалпы түрік
тілінде, өз тұстарындағы барлық түркі ру-тайпаларына бірдей тілде,
солар бір кезде білген, түсінген, ортақ әдеби тілдерде жазды.
Сондықтан жоғарыда аталған жазу-сызуларды, жазба әдебиет
нұсқаларын, әдеби шығармаларды, жазушылар мен ғалымдарды өзбек
пен ұйғыр да, әзербайжан мен түрікпен де, қырғыз бен қарақалпақ
та, қазақ та, өз әдебиетіміз, жазушыларымыз бен ғалымдарымыз деп
иемденуіне, әдебиеттердің тарихына енгізулеріне әбден болады, солай
иемденуге, қабылдауға міндетті де.
Міне, сонда еліміздегі түркі текті, түркі тілді халықтардың ертедегі
әдебиеттерінің тарихы бір болып келеді. Бәрінің ертедегі әдебиеттері
тарихында бір әдеби нұсқалар, шығармалар, бір жазушылар, ғалымдар
қарастырылатын болады. Мұның ешбір оғаштығы жоқ.
Өткені, орыс, белорус, украин әдебиеттерінің ертедегі тарихын алсақ,
олар да бір болып келеді: бір кезде бәріне ортақ, бірдей болған жазба
әдебиет нұсқаларын әрқайсысы өзінің ертедегі әдебиеті деп есептеп,
әрқайсысы өзінің ертедегі әдебиетінің тарихында зерттейді, тексереді.
***
XV ғасырдың басында Алтын Орда мемлекеті ыдырады, жойылды.
Оның орнына жеке-жеке шағын хандықтар құрылды. Солардың бірі
Достарыңызбен бөлісу: |