көзқарасыңды әбден анықтап алмай тұрып мәдениетті ешқашан
дамыта алмайсың». Тырнақалды ғылыми жетістігі 1956 жылы «Абай
4
Сүйіншәлиев Х. Ғасырлар поэзиясы: Зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1987, 7-б.
9
қара сөздерінің текстологиясы» кандидаттық диссертациясын қорғаудан
басталған Х.Сүйіншәлиевтің көне әдебиет тарихы сияқты көп тер төгуді,
ыждихатты, ұзақ та іргелі ізденістерді қажетсінетін, өзіндік қиыны
мен құпиясы жетерлік осы салаға әжептәуір дайындықпен келгенін
байқаймыз. Оның мұндай қасиеттерін хатқа түскен пайымды ой-
пікірлерінен де сезіну қиын емес.
Ең алдымен зерттеуші ескі мұраны, оның ішінде көркем сөздің ерте
үлгілерін тәрбие құралы ретінде пайдалану мақсаты мен сол ерте дәуір
поэзиясының тарихын зерттеу міндетін ажырата білу керек деп есептейді.
Оның пікірінше: «Бірыңғай бұқарашыл идеядағы қайраткерлердің өмір
жолына құрылған әдебиет тарихы ешқашан өткен дәуір әдебиеті тарихын
толық танытқан емес. Асылы, бұлай баяндау сыңаржақтыққа әкелер тағы
бір теріс жол. Тарихты тарих деп түсіну абзал. Оның әрбір кезеңінде өмір
сүрген қайраткерлердің өмір талғамы, түсініктері, қиялдауы, ой-өрістері
бір емес. Озық ойлыларына қоса, қайшы пікірлерге бой ұрған өнер өкілдері
де аз болған жоқ. Зерттеушінің міндеті сол шындықты бұрмаламай,
орынсыз сақтыққа салынып, жалтақтамай, озық ілім тұрғысында баяндай
білу. Олардың шығармаларындағы идеялық ақауды сылап-сипамай,
сынай отырып, әдебиетке қосқан үлестеріне жете назар аудару».
5
Ғалым
әдебиет тарихын көркем шығармалар мен өткен дәуір жазушыларының
тізіміне айналдыруға қарсы. Өйткені, әдебиет тарихы күрделі де жанды
процесс. Таратып айтқанда ол әрбір идеялық, көркемдік ағымдар мен
бағыттардың, жеке топтар мен таптардың идеялық күресін, әдебиет
жанры, стилі, әдістерінің есею, кемелдену, қалыптасу сатыларын, көркем
сөз өнерінің даму кезеңдерін, тілдік құралдарының жетілу жолдарын,
оның т.б. тарихи заңдылықтарын танытады. Бұл түйінді тұжырымдар
бүгінгі әдебиет зерттеушілері мен жас жас филологтар үшін де елеуге
тұрарлық ереже екендігін еске салудың еш артығы жоқ.
Профессор қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми тұрғыдан дұрыс
межелей отырып, осы пәнді жоғарғы оқу орындарында арнаулы
бағдарлама бойынша оқытуды жолға қоя білген білікті ұстаз әрі зерделі
ғалым ретінде танылды. Ол, әсіресе, қазақ әдебиетінің тарихын ежелгі
сақ-ғұн, көне түркі дәуірінен бастауды ұсынған Б.Кенжебаевтың пікірін
ақырына дейін қолдаған және оның принципті бағытын жалғастыруға бар
күшін салған бірден-бір ғалым ретінде бағалануға лайық тұлға. Ғалым
көне түркі жазба ескерткіштерінен бастап, «Қорқыт Ата», «Оғыз-нама»,
«Диуани луғат ит-түрки», «Құтадғу білік», «Ақиқат сыйы» т.б. орта
ғасырлық әдебиет мұраларына арнап еңбектер жазды. Осы дәуірлерде
өмір сүрген әл-Фараби, Ахмет Иасауи, Ахмет Иүгнеки, Хакім ата,
Хорезми, Рабғұзи, Сәйф Сараи секілді түркі-қыпшақ қаламгерлерінің
шығармашылығы хақында зерттеулер жүргізді. Соның нәтижесінде
5
Бұл да сонда.
10
«ІХ-ХІІ ғасырлардың әдеби ескерткіштері» (1978), «ХҮ-ХҮІІ ғасырлар
әдебиеті» (1972), «Орта ғасыр әдеби ескерткіштері» (1975), «ХҮІІІ
ғасыр ақындары поэзиясы» (1982), «Ғасырлар поэзиясы» (1987), т.б.
құнды монографияларын жарыққа шығарды.
Қазақ әдебиетінің ілкі бастаулары жайынан алғаш қалам
тербеушілердің бірі – белгілі әдебиет тарихшысы, бүгінгі мәдениет
және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков екенін білеміз. Қабілетті
әрі білімді жас зерттеуші 1969 жылы ұстазы профессор Б.Кенжебаевтың
жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Зерттеу
жұмысының тақырыбы – «Көне түркі әдеби ескерткіштері және олардың
қазақ әдебиетіне қатысы » деп аталады. Қазір айтуға оңай болғанмен, сол
кезең, сол тұстағы партиялық саясат, әсіреқызыл идеологиялық көзқарас
тұрғысынан қарағанда, едәуір «берік бекіністің» бірі. Қалай дегенмен,
табанды жас өзіне жүктелген ауыр міндетті абыроймен орындап шықты.
Шынында да, өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін Орхон-Енисей
ескерткіштері Қазақстанда көбіне-көп тілдік жағынан ғана зерттеліп,
ескі жәдігердің әдеби әлемі, көркемдік ерекшеліктері олардың қазақ
әдебиетінің өткен дәуіріне, әсіресе, көне эпостар мен поэзиямызға
қатыстылығы туралы арнайы зерттеу жұмыстары әлі туа қоймаған-ды.
Осы орайда аталған диссертация әлгіндей олқылықтың орнын толтырарға
жасалған жақсы жоралғыдай көрінді.
М.Жолдасбеков өз еңбегінде көне түркі жазба ескерткіштерінің
генезисін, зерттелу тарихын, дәуір шындығы мен түркі қағанатының
қалыптасу кезеңдерін ой көзімен саралайды, мәтіндердің ортақ және
айырма мазмұнына салыстыра талдау жасайды, тіпті, кейде С.Е.Малов,
А.М.Щербак, И.В.Стеблева сынды атақты түркітанушылардың
аудармаларына түзетулер енгізеді. Иә, жас зерттеуші Орхон-Енисей
ескерткіштері мәтіндерінің қазақ тіліндегі тың нұсқасын – ғылыми әрі
әдеби аудармасын өзінше түзіп, ғалымдар назарына ұсынады. Сөз жоқ,
бұл – ғылымға енді ғана аяқ басқан әдебиетші үшін тым батыл қадам.
Мұның сыртында Орхон ескерткіштерінің жанрлық сипатына тоқталып,
шығарманың стильдік қырларына назар аударады. Көне түркі жәдігерінің
поэзиялық қасиеттерін, ондағы арынды эпикалық стильдің белгілерін
талдай келе, мәтіндердің әдеби сипаттарына ерекше мән берген
И.Стеблеваның тұжырымдарын қуаттаған зерттеуші осы пікірді алғаш
қазақ топырағында айтқан қос академиктің есімін қатар атайды: «...
Орхон ескерткіштерінің жанры туралы мәселені күн тәртібіне алғаш
қойған ғалымдар: Мұхтар Әуезов пен Әлкей Марғұлан деп есептеліп,
И.В.Стеблева болса, осы зерттеушілердің концепциясын ғылымда
тұңғыш рет дәлелдеуші ретінде танылуы тиіс»
6
. М.Жолдасбеков
бірқатар Еуропа оқымыстылары мен қазақ ғалымдарының түрлі ой-
пікірлерін қорыта келе: «Сол себепті Орхон ескерткіштерін жалаң
6
Жолдасбеков М. Асыл арналар. Зерттеулер.– Алматы: «Жазушы»,1990, 72-б.
11
тарихи фактілер тізбегі деп қарамай, түркі халқының ізгі арманын,
кескілескен соғысын, айбынды батырларын өзгеше әуезбен жыр
еткен ерлік эпосының ең әдепкі үлгісіне жатқызу орынды»
7
, – деп
тұжырымдайды. Автордың пікірінше, эпостың дәстүрі айрықша
дамыған қазақ халқының бай мұрасы мен Орхон ескерткіштерін
салыстыра зерттеудің ерекше мәні бар. Өйткені, Орхон жырларын
зерттеу проблемасын жалпы әдеби процесімізден бөліп қарауға
болмайды. Қайта біз халқымыздың тарихи өткенімен, рухани өсуінен
мол мағлұмат беретін шығарманы терең зерттей түссек, онда бұл
шығармалар эпикалық мәдениетіміздің көп сырларын ашуға мүмкіндік
береді. Ғалым Орхон ескерткіштерін «Алпамыс», «Қобланды» секілді
қазақ эпостарынымен салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұны
мен көркемдік құрылысынан көптеген ұқсастықтар табады, образ
жасаудағы ортақ белгілерді тізбелеп көрсетеді. Эпостардағы батыр мен
оның жауынгерлік серігі – тұлпар ат бейнесі жайында бірқатар сәтті
мысалдар келтіреді. Ақыр соңында, «Дәлірек айтқанда, олардың бәрі
де ерте дәуірдегі ерлікті дәріптеген эпикалық дәстүрдің мұралары.
Айырмашылығы тек «Күлтегін» жырының тасқа басылып, ондағы
шығармаға қатысты нақтылы тарихи деректердің өзгеріссіз сақталып
қалғандығында»
8
, – деген қорытындыға келеді.
Зерттеушінің осы ғылыми еңбегіне ресми пікір жазған ғалым-
жазушы М.Мағауин: «Бұдан әрі зерттеуші Орхон жазушыларының
көркемдік қасиеттерін бажайлап, жан-жақты талдайды. Олардың
өзіндік ерекшеліктерін, бейнелеу құралдарын, өлең құрылысын
түбегейлі талдап, құнды пікірлер айтады. Жас ғалымның бұл реттегі
кейбір қорытынды түйіндері бүкіл одақ түркологтарының назарын
аударуы тиіс»
9
, – деп әріптесінің жұмысына жоғары баға береді.
Қазақтың сөз ұстаған айтулы ақындарының бірі Әбділда Тәжібаевтың
төмендегі пікірлері де автор еңбегінің құндылығын қуаттай түседі:
«Қазір ол кітапты іздесек, таба алмаймыз. Сондықтан аударманың
екінші рет «Асыл арналарға» енгізілуі өте орынды болған. Аудармадан
автордың халқымыздың байырғы ақындық тіл нъюанстарын сезінуі,
жыраулық шығармашылықтың ерекшеліктерін жетік түсінуі, өлеңдік
ішкі ырғақты нәзік аңғарғыштығы айқын көрініп тұр»
10
. Осы
айтылғанның қай-қайсысы да М.Жолдасбеков зерттеулерінің қазақ
әдебиеттануындағы құндылығына ұпай салары талассыз.
Көне әдебиетімізді зерттеуге өзінің аз ғұмырын толайым арнаған
қазақтың аса дарынды аяулы қыздарының бірі – Алма Мүтәліпқызы
Қыраубаева (1947-2001) болды. 1967 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ
7
Бұл да сонда.
8
Сонда, 81-бет.
9
Мағауин М. Ғасырлар бедері. Әдеби зерттеулер. –Алматы: «Жазушы»,1991,209-б.
10
Тәжібаев Ә. Асыл арналарды оқығаннан кейін. Кітапта: Асыл арналар. Алматы:
«Жазушы» ,1990,341-б.
12
Мемлекеттік университетін жаңадан бітірген жас ғалымның тырнақалды
еңбегі – ортағасырлық қыпшақ ақыны Хорезмидің «Мұхаббатнама»
дастанының аудармасы. Оның бұл жұмысы қазақ түркітануының қарлығашы
– «Ежелгі дәуірдегі әдебиет» хрестоматиялық оқулығына енді. Міне, сол
уақыттан бері қарай Алма Мүтәліпқызының ұстаздық қызметімен бірге
қазақ әдебиеті тарихының көне дәуірін зерттеу бағытындағы қызығынан
қиындығы мол әрі ғылымдағы жемісті жолы басталды. 1970-1973 ж.ж.
аталған университеттің қазақ әдебиеті кафедрасының қабырғасында аспи-
рантураны тәмамдаған соң, 1971 жылы ұстазы профессор Б.Кенжебаевтың
жетекшілігімен «Қисас ул-Рабғұзи» мен «Мұхаббатнаманың» идеялық-
көркемдік ерекшеліктері» атты тақырыпта кандидаттық диссерта-
ция қорғайды. Әрине, оңай болмаған. Мұны диссертант еңбегіне
пікір жазған аталмыш М.Мағауин пікірі де растайды: «Мәселен, М.
Жолдасбековтың жоғарыда аталған монографиясы 1969 жылы жазылып
бітіп еді. А.Қыраубаеваның зерттеуі 1974 жылы талқыға түсті. Мырза-
тай еңбегі он жеті жыл қоймада жатса, Алманың еңбегі көпке жету
үшін он төрт жыл керек болыпты»
11
– дейді жазушы. Бейсекең сияқты
ұлағатты ұстаздың шапағатын, көне әдебиетті зерттеушілердің тауқыметі
зор соқпақты жолдарын шола отырып, пікір иесінің: «Әйткенмен де,
дәл қазір жазсам, қазақ әдебиеттану ғылымында Орхон ескерткіштерін
тұңғыш зерттеген, қазақ сөз өнерінің тарихына қаншама жаңалық әкелген
Мырзатай монографиясын ғана емес, жолының жіңішкелігіне қарамай
қиынға сермеген үлкен іс тындырған Алманың еңбегін де бұдан гөрі
толымдырақ бағалар едім»
12
, – деген ойлары да біраз жайды аңғартады.
Әйтпесе, туабітті көп нәрсеге сын көзбен қарап, көп мәселеге көңілі
толмайтын жылы пікірге сараң жазушының: «Діни аңыздар жөнінде сөз
болғанда оның ислам, христиан, иудей діндері төңірегіндегі ғылыми
еңбектермен жақсы таныстығы аңғарылады. Ал, дүнияуи әңгімелер сөз
болғанда жас зерттеушінің революцияға дейінгі қазақ әдебиетін жете
танығаны, көршілес түрік халықтарының әдебиетінен де жақсы хабардар
екендігі көрінеді. Осының нәтижесінде жас зерттеуші «Қисас ул-әнбия»
жөнінде құнды ғылыми пікірлер айта алған»
13
,– деуі сол кезең үшін
ғалым зерттеуіне берілген жоғары баға деп санаймыз. Зерттеушінің бұл
еңбектері кейіннен «Ғасырлар мұрасы» атаумен «Мектеп» баспасында (
1988) жарық көрді.
Аяулы ұстаз әрі дарынды ғалым өзінің ежелгі дәуір әдебиеті бойынша
бастаған ілгері зерттеулерін үнемі жалғастырып, үлкен жетістіктерге
жетті. Ғалым тоқсаныншы жылдардың материалдық қиыншылықтарына,
сыр бере бастаған денсаулығына қарамастан, «Шығыстық қисса-
дастандар» тақырыбындағы докторлық диссертациясын жазып бітіріп,
аталған зерттеу жұмысын 1997 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
11
Мағауин М. Ғасырлар бедері. Әдеби зерттеулер. – Алматы: «Жазушы»,1991,202-б.
12
Сонда,203-б.
13
Бұл да сонда, 212-б.
13
филология факультеті жанындағы Докторлық кеңесте сәтті қорғап
шықты. Әрине, сондағы З.Қабдолов, Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібаев,
Т.Кәкішев, Т.Қожакеев, М.Жолдасбеков секілді қазақ оқымыстылары
мен алыс-жақын шетел ғалымдарының аталмыш жұмысқа берген биік
бағалары және оң пікірлері – Алма Мүтәліпқызының ғылыми қарымы
мен жетістіктерінің мейлінше маңыздылығын айғақтайды.
Алманың еңбекқорлығы мен ғалымдығы шәкірттерін ғана емес,
алдыңғы толқын ағаларды да ерекше тәнті етеді. Бұл орайда оның ұзақ
жылдар бірге қызмет істеген әріптесі, профессор Т. Кәкішевтің мына
естелігі ойға оралады: «Алма Қыраубаеваны докторлық қорғап алған
соң, көне түрік заманын, яғни, ҮІ-ХҮ ғасырлардағы ортақ мұралардың
шындығын ашып беруге міндеттедік. Сол екі томдықтың ең сүбелі
екінші тарауын Алма жазды. Оның негізгі арқауы кейіннен орта
мектептің 8-сыныпқа арналған оқулықтың ұлы жаңалығына айналды.
Өзіміздің жәреуке жадымыздағы қатып қалған көзқарасты, яғни қазақ
әдебиетінің тарихы ХҮІІІ ғасырдан басталады дегеннің күл-талқанын
шығарып, тұңғыш рет мектепте, жас ұрпақтың санасына жеткізді, – дейді
қазақ әдебиетінің бүгінгі ақсақалдарының бірі, – Алма Қыраубаеваның
«Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихына» жазып берген «Ежелгі түрік
әдебиеті» бөлімінің әрбір тақырыпшасының өзі арнайы зерттеуді қажет
ететін және күні бүгінге дейін көбіміздің тісіміз батпайтын арналар
екендігін мойындауға тиістіміз. Осындай ауыр да абыройлы кезеңге
Алмадан басқаларымыздың аяқ баспай қоюымыз әдебиеттану ғылымы
үшін абырой емес»
14
. Өмірден ерте озған дарынды зерттеуші, талантты
ұстаз хақында мұндай жылы лебіздерді жиі кездестіруге болады.
Сондай-ақ, А.Қыраубаева қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихын
жаңаша дәуірлей отырып, көне мәдени мұраларымыздың сюжеттік-
типологиялық ерекшеліктерін айқындауға көп тер төкті. Алып Ер
Тоңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Мөде қаған, Зарина, Тарғытай
батыр сияқты бірқатар сақ-ғұн, түркі көсемдерінің өмірі туралы әдеби
және фольклор туындыларын жинақтап, ғылыми айналымға шығарды.
Ғалымның Орта ғасыр ақын-жазушыларының шығармаларын,
«Шаһнама», «Мың бір түн», «Тотынама», «Бахтиярдың қырық
бұтағы» т.б. шығыстық сюжеттерді ХІХ ғасырдағы қазақ шайырлары
жырлаған нәзиралық қисса-дастандармен салыстыра зерттеуі өте
нәтижелі әрі бағалы ғылыми жұмыстардың бірі болғандығын атап өту
парыз. А.Қыраубаеваның қаламынан туған «Қисса жанрының өзіндік
ерекшеліктері» (1985), «Абайдың поэмалары» (1986), «Махаббатнама»
(1985), «Ғасырлар мұрасы» (1988), «Түркі әдебиеті» (1988), «Шығыстық
қисса-дастандар» т.б. зерттеу еңбектері жарық көрді. Өкініштісі, Алма
Мүтәліпқызы өмірден ерте озбағанда, оның қаламынан әлі де талай
ойлы, салмақты зерттеулер жазылары анық еді...
14
Алма апай. Естеліктер. – Алматы: «Нұрлы әлем», 2007, 12-13-бб.
14
***
Жоғарыда сөз болған ғалымдардың көптеген еңбектері бүгінгі
күні де құнын жойған жоқ. Алдыңғы толқын зерттеушілердің ежелгі
әдебиет тақырыбындағы үздік туындылары бүгінгі әдебиет тарихын
зерттеушілері үшін де, ЖОО филология факультеттерінің студенттері
мен магистрлері үшін де бірден-бір қажетті оқу құралы болып
табылады. Сонымен бірге қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірлері бойынша
жазылған осындай бағалы кітаптар түркітану пәніне қызығатын жалпы
оқырман арасында да үлкен сұранысқа ие. 70-80 жылдары жарық көрген
ғылыми еңбектердің көпшілігі бүгінде сирек басылымға айналды.
Осы жайттарды ескере отырып, ҚР БҒМ Ғылым комитеті М.О.Әуезов
Әдебиет және өнер институтының «Ғылыми қазына» мақсатты
бағдарламасы аясында таңдаулы зерттеулер топтамасын әзірлеуді қолға
алды. Осыған орай, баспаға ұсынылып отырған «Көне түркі әдебиеті
туралы зерттеулер» атты ғылыми жинаққа қазақ әдебиеті тарихының
ежелгі дәуірін зерттеудің өзекті мәселелері, оны шешудің әдістемелері
мен басты бағыттары жан-жақты талданған зерттеулер енгізілді.
Ғылыми тұрғыдан алғанда өзекті тақырыптарды қарастыратын бұл
еңбектерде ежелгі әдеби мұралардың генезисі, даму, таралу аймақтары,
сюжеттік-типологиялық және көркемдік ерекшеліктері жеткілікті
сараланған.
Ғылыми жинақтың «Алғысөзін» жазған – түркітанушы,
филология ғылымдарының кандидаты С.Қосан. Ұсынылып
отырған томға филология ғылымдарының докторы, профессор
Достарыңызбен бөлісу: |